"Жазушылар одағы Астана атауының өзгергенін қолдайды"

29.03.2019, 22:00

43

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалында Қазақстан астанасының атауын Нұр-Сұлтан деп атау бойынша зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Мирас» Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Бұл туралы Жас АЛАШ сайтының тілшісі хабарлайды.Жиынды ашып, жүргізген журналист Қали СӘРСЕНБАЙ елорданы Нұр-Сұлтан деп атауды қолдайтынын жеткізді.«Тоқаевтың еңбегін ескере отырып, Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп аталуына қолдау көрсетуді ұсынамын. 1998 жыл 6 мамыр Қазақстан Респуб­ликасының астанасы Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді. Осыдан кейін Астанада айтулы оқиғалар болды.  Мемлекеттің негізін қалаушы тұлғалардың есімдерін ел тарихына мәңгі қалдырған мұндай оқиғалар әлемдік тарихта жиі кездеседі. Оған мысал да жетіп артылады. Мәселен, АҚШ-тың астанасы Вашингтон деген осы елдің тұңғыш президентінің есімімен атағанын тарихтан жақсы білеміз. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірін түбегейлі өзгертуге ықпал еткен ұлы тұлғаларының есімдерін қалаларға беріп, оларды ардақтау өркениетті мемлекеттерде дәстүр болып қалыптасқан жақсы үрдіс,»деп Қали Сәрсенбай баяндама жасады.Осыдан кейін сөз «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Станислав КАНКУРОВҚА  берілді. Станислав Канкуров  «Елбасының белгілеп берген бағытымен дами берсек, енді азғана уақыт ішінде Қазақстан әлемдегі 30 елдің қатарынан табылып, мәртебесі биіктей түседі», деді де «Тағы бір жиыным бар еді, мен рұқсат болса жүре берейін» деп сөзін аяқтады.Кезек профессор Ұлықпан СЫДЫҚОВҚА тиді. «Бұра тартудан сақ болу керек. Біріншісі – даңғазалық. Елбасы даңғаза мақтауға мұқтаж емес. Екінші – байбалам салу» — дегеннен кейін Қытайға тиіп тұрған Алматыны көшіріп Сарыарқаға әкелген Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ еңбегі мен АҚШ тарихындағы Вашингтонды мысал етіп атап өтті.Бұл қолдауды өзге ұлт өкілдері де іліп әкетті. «Ильдош» татар гуманитарлық даму орталығының төрайымы Нұрия НИЯЗОВА Нұрсұлтан Назарбаевтың талантты көшбасшы екенін айтып, «Владимир СОЛОВЬЕВ Россия 1 арнасындағы «Кім мықты?» бағдарламасында Назарбаев дана мемлекет басшысы болды,  Қазақстанның тарихында қалады және оның ақылын керек етеді деп ойлаймын деген болатын»,- деп шетелдік журналисттердің пікірін мысал етті. «Жас Отанның» Алматы қалалық филиалының төрағасы Мәди АХМЕТ елорданың атауын өзгертуге қатысты «Жас Отан» атынан сөз сөйлеп, бірауыздан қолдайтынын жеткізді. Осымен, жиынның негізгі баяндамашылары аяқталды. Ендігі пікірді тарихшы Хангелді ӘБЖАНОВ айтты. Алдымен, басқалар сияқты елбасының ерен еңбегін, одан кейін өзінің де қолдайтынын айтып  болған соң, "ұсынысым" бар деді.«Қойды арыстан басқарса жақсы, арыстанды қой басқарса арыстанның өзі қой болады. Жемқорлықты жою туралы жаңа президент айтып жатыр ғой, сол орындалса екен.  Бізге сілкіністің керегі жоқ. Бізге азат ел керек», — деп ой айтты.Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан ЖАҚЫП болса, астана атының ауысуын «Жазушылар Одағы да қолдап отыр» деді. Кезекті сөз жазушы Жанабек ШАҒАТАЕВҚА тиді.«Соловьевті мысалға келтіріп жатырсыңдар. Оны онша үлгі тұта бермеуіміз керек. Ол КСРО-ның бола беруін тілейтін адам. Тәуелсіздікке жаны қас. Одан кейін, ақыры өзгерттік. Петропавл мен Павлодарды да өзгертейік те»,деп ұсыныс айтты.Бұған  жиынды жүргізіп отырған Қали Сәрсенбай  «ұсыныс айтқандарыңыз дұрыс, осымен жиынды аяқтайық», деп кеңесті тарқатты.Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Сайт әкімшілігі 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады
Сайт әкімшілігі 09:24
Бір тәулікте 720 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42