Жазушылар одағының құрылтайы: Қол соғыңыздар!

12.03.2018, 14:42

152

Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының құрылтайы басталды. Абай атындағы Опера және балет театрында өтіп жатқан құрылтайға аймақтардағы одақ мүшелері толықтай дерлік қатысып жатыр. Қаламгерлер бұл құрылтайда одақтың су жаңа төрағасын сайламақшы. Төрағалыққа кімдер ұсынылатыны, кімнің қанша дауыс жинап, төраға болары әзірге белгісіз. Дегенмен, құрылтай қызу әрі тартысты өтетін сияқты.Жиналысты жазушылар одағының қазіргі төрағасы Нұрлан Оразалин ашып, Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың құрылтайға құттықтау сөзін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы оқып берді. Құттықтау оқылған соң, делегаттар қол соқты. Іле қайта сөз алған Н.Оразалин Н.Назарбаев туралы бірер ауыз жылы сөз айтып тоқтап еді, ешкім қол соқпады. Мұны бірден байқаған төраға: «Қол соғыңыздар!» деп залға қарады. Залдың әр жерінен еріне соғылған шапалақтар естілді.Дәл қазір құрылтай жұмысы жалғасып жатыр. Одақ төрағасы Нұрлан Оразалин екі құрылтай арасындағы одақ жұмысы, әдебиет және қоғам тақырыбында баяндама жасап тұр.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 12:27
Қазақстан – БҰҰ: мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнама
Сайт әкімшілігі 11:19
ҚазҰУ-дағы жатақхана құрылысының анық-қанығы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:40
Бекшин мен Қиясовтың қаулысы елді індеттен құтқара ма?
Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58