Жеке сот сараптама қызметін дамыту көзделіп отыр

Еркежан АРЫН

05.04.2021, 15:23

117

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстандағы сот сарапшылары біліктілігіне қойылатын талаптарға байланысты:

— Сот сарапшысының лицензиясын алу үшін заңнамада белгіленген талаптар бар. Оның ішінде біліктілік емтиханын тапсырып, біліктілігін үнемі көтеріп отыру қажет. Бұл талаптар сот-медициналық сараптаманың сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді — бұо мемлекеттік және жеке сот сарапшылары, медициналық сот сараптамасы саласына да, жалпы сот-медициналық сараптама саласына да қатысты», — деді.

Бұған дейін Әділет министрлігінің басшысы қылмыстық істер бойынша сараптаманың жекелеген түрлерін Қазақстандағы жеке сарапшыларға беруді жоспарлап отырғандықтарын айтқан болатын. Әділет министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірге сот-сараптама қызметтерінің ең ірі тапсырыс берушісі ретінде (2020 жылы — сот сарапшыларының жалпы санының 87%-ын құраған) Бас прокуратураның мақұлдауымен пилоттық жобаны іске қосты: яғни сот сараптамаларының жекелеген түрлерін өндіру үшін, атап айтқанда филиал басшыларына мүмкіндіктер беру үшін сот-медициналық сараптама орталығы сараптама жасауды келісімшарт негізінде жеке сарапшыға береді.

Ал бұл жобаның басты мақсаты сараптама жасауға кететін уақытты қысқарту, мемлекеттік сарапшыларға жүктемені азайту және жеке сот сараптамасы институтын дамыту болып табылады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 17:42
Нұр-Сұлтанда жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 13:27
Алматыда Аяжан Еділованың жерлеу рәсімі өтті
Еркежан АРЫН 16.04.2021, 02:13
Ресей - әскери-стратегиялық серіктес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.04.2021, 14:38
Доскейдегі дәруіштің күйін кешкен донор
Мәлік ОТАРБАЕВ 14.04.2021, 16:07
БІЗ КҮТКЕН БАҚЫТ

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24