27.11.2020, 11:31
692
Елордада жексенбі, 29 қараша күні қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады «Жас Алаш» City Transportation Systems баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүріп, жексенбі күндері жұмысына тыйым салынған. Дүйсенбі күні, 30 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды», — делінген жіберілген хабарламада.
Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР