Желдету аппараттары Шымкентте шығарылады

Сайт әкімшілігі

08.11.2020, 07:47

543

 Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов COVID-19 ықтимал жаңа толқынына дайындық ретінде өкпені жасанды желдету аппараттарын шығаруды бастаған «Kazmedpribor» ЖШС-да болды.

– Кәсіпорын бүгіннен бастап өкпені жасанды желдету аппараттарын шығаруды бастады. Тәулігіне 20-25 құрылғы шығаруға қауқарлы, – деп атап өтті қала әкімі.

Қала әкімдігі ауруханаларға алғашқы 88  аппаратты жеткізуге тапсырыс берген болатын. Кәсіпорыннан мониторлар, диспенсерлер, импульстік оксиметрлер, анализаторлар – барлығы 32 медициналық құрал-жабдықтар түрін сатып алады.

Қала әкімі шілде айында аталған кәсіпорын басшыларымен кездесуде отандық өкпені жасанды желдету  аппаратын шығаруды бастайтынын айтқан еді. Үш ай бойы осы бағытта жұмыстар атқарылды.

– Өздеріңіз білесіздер, коронавирус ауруы қатты өршіген кезде қалаға желдеткіш аппараттары қажет болды. Біз Kazmedpribor компаниясымен осындай құрылғыларды шығару мүмкіндігін талқыладық, нәтижесі міне. Өнімдер сертификаттаудан өтті, кәсіпорын желдеткіштер шығаруды бастады. Аптаның аяғына дейін алғашқы 88 ИВЛ аппараты жергілікті ауруханаларға жеткізіледі. Жақын арада ауруханалар мен емханалар Шымкентте шығарылған жабдықтармен қамтамасыз етіледі, – деді қала әкімі.

Мұрат Дүйсенбекұлының айтуынша, Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Инфекция ошақтары және байланыста болған адамдар амбулаторлық бақылауға алынады. Сондай-ақ, биыл қаланың медициналық мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтауға 6,6 млрд теңге қарастырылғанын айтты. Өткен жылмен салыстырғанда бұл қаржы алты есе көп.

Kazmedpribor – коронавируспен күресу үшін қажетті медициналық техника шығаратын бірден-бір кәсіпорын. Кәсіпорын 50 мың дана медициналық жабдық, 150 мың дана медициналық жиһаз, 1000 автомобиль өндіруге қауқарлы.

Айта кетсек, аталған кәсіпорын Германия, Жапония, Корея компанияларымен бірлесіп, 300-ден астам медициналық бұйымдар шығарады. Өнімнің негізгі түрлері: медициналық машиналар; пациенттерге арналған мониторлар; ЭКГ аппараты; функционалды кереуеттер және өзге де жабдықтар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 30.07.2021, 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15