Желге ұшқан 39 млн: Атыраудағы электрондық таблолар құр темір болып қалды

19.07.2019, 22:13

30


Атырауда2015 жылы «Қоғамдық көлікті интеллектуалдандыру» бағдарламасы аясында 39 млн теңгебюджет қаражатына сатып алынған ақпараттық таблолар алынып тасталмақ.

Әуел баста 20 ақпараттық табло, 250 GPS-трекер мен 250 автоинформаторқоғамдық көліктің қозғалысын оңтайландырып, жақсартады деген мақсатпеналынған-ды. Ол бойынша аялдамаларға орнатылған электронды таблолар  жергілікті уақытты, ауа температурасын,аялдаманың атауы мен маршруттың кестесін, келетін уақытын көрсетіп тұруы керекеді. Алайда, санаулы айдан кейін-ақ құрылғылар істен шыға бастады, барлықмәліметтерді қате бере бастаған таблолар кейін мүлдем жұмыс істемей қалды.Белгілі болғандай, олардың үздіксіз қызмет етуі үшін кететін шығын да аз емескөрінеді, электр тоғы мен интернет сапасы жақсы болуы, көліктер түгелдей GPS-навигаторларменқамтылуы тиіс.

— Бізге сол таблолар аса қажетте болмаған сияқты. Бұрын қалай автобус күттік, солай күтіп келеміз –таблолардың жұмыс жасаған кезін де көрмеппін. Егер дұрыс жүзеге аспайтын болса,басшылықтың ананы-мынаны ойлап тауып, ақша шашпай-ақ қойғаны дұрыс еді. Әйнекаялдамаларды алып келді, қыста суық, жазда ыстық, қазір жақын жердегі талдыңастын көлеңкелеп тұрмыз. Таблосы мынау, енді электрондық билет енгізіп жатыр,оның арты не боларын көрерміз, — дейді қала тұрғыны Арман ӘНЕС.

 Электрондық таблолардың алынып тасталатынытуралы «Смарт Атырау» КМК директоры Әділбек ТАНКИЕВ айтты. Олар қайта жөндеугекелмейді дейді ол.

Фото автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Сайт әкімшілігі 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16