Желтоқсаншыларға заңдық тұрғыда көмек көрсетілді

Бифат ЕЛТАЕВА

25.05.2021, 09:02

2794

Өткен аптада  Желтоқсан оқиғасына қатысқан азамат-азаматшаларды ақтау туралы жиын өтті. Жиынды прокурор Әлібек Қайратұлы өткізіп, желтоқсаншыларға қалай өзін-өзі ақтау керектігі  жөнінде заң жағынан бағыт-бағдар көрсетіп, керекті кеңестерін берді.

Прокурор желтоқсаншылар арыз жазғанда өздерін ақтау ретінде емес, желтоқсан оқиғасына қатысып, зардап шегуші ретінде жазу керек екенін түсіндіріп өтті.

— Ақтау туралы анықтама алудың екі жолы бар. Біріншісі – тұрғылықты орындарға арыздану болып табылады. Яғни, қаладағы кино және фото архив орталығына барып, өздері туралы мәлімет алу туралы өтініш жазу қажет. Содан кейін архив желтоқсан оқиғасына қатысқандары бойынша бар болған жағдайда барлық мәліметті тауып береді. Сол мәліметтерді алғаннан соң ғана прокуратураға арыздана аласыздар. Прокуратура арздарыңыз бен мәліметтеріңізді толық тексеруден өткізіп барып, шешімін бере алады.

Екінші жолы, прокуратураға арыз жазып, өзіңіз туралы мәліметтерді сұрастыруыңызға да болады. Содан кейін біз архивке сұраныс жіберіп, сізге қатысты мәлімет барын-жоғын біліп бере аламыз. Егер мәлімет жоқ болса, сотқа арыздануларыңызға болады. Сотқа арыз жазғанда арыздың қорытындысына «Құрметті сот, сізден мені Желтоқсан оқиғасына қатысып, зардап шегуші ретінде анықтауыңызды сұраймын» деп жазуларыңыз керек. Осы үлгі бойынша арыз жазғандардың 98 пайызы ақтау қағазын алып жатыр деп айта аламын. Ал ақтауыңызды сұраймын десеңіз, сот ешқашан сізге қажет қағазыңызды бере алмайды.  Сол себепті, арызды дұрыс жаза біліңіздер, – дейді Әлібек Қайратұлы.

Жиын барысында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар өзге де көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын ала алды. Мәселен, ешқандай дәлел болмаған жағдайда, газеттегі, бейнеархивтегі сурет пен өзінің 1986 жылғы суретін салыстырып, дәлелдеуге болатынын айта келе, арыздың қолжазба түрінде емес, компьютерге теріліп, жазғанда ғана түсінікті болатынын тиек етті.

Айта кетейік, желтоқсан оқиғасына қатысушыларды ақтау жөнінде арнайы жиынды өткізген «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігі болатын.  Осыған орай, бірлестік басшысы Бейсенғазы Сәдуов алдағы уақытта да қалған желтоқсаншылармен кездесіп, ақталуға қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жиын өткізіп отыратындықтарын айтты.

Көп желтоқсаншылар осы уақытқа дейін ақталудың нақты жолын білмей келді. Көбісі сотқа жүгініп, прокуратураға барғанымен, қағаздары дұрыс болмай жатады. Бүгінгі прокурормен өткізген жиынның мақсаты – сол кетіп жатқан қателіктердің алдын алып, әрі желтоқсаншыларға заңдық тұрғыда көмек көрсету болып табылады. Жиынға келген прокурор өте әділетті жан екен, желтоқсаншыларлдың қойған сұрақтарының барлығын бүге-шүгесіне дейін түсінідіріп бере алды. жалпы ақталудың оңай жолын білдік. Қысқаша айтсақ, желтоқсан оқиғасына қатысу жөнінде куәліктер мен көп қағаз керек жоғын, тек аты-жөніңіз бен телефон нөмірін тіркеп онлайн ақталуға болатын жолы бар екенін де айтты. Осы арқылы сот жүйесінде отырған судьялар мен прокураторлар да желтоқсан көтерілісне қатысқан азаматтарды қолдап отырғандарына да көзіміз жетті. Бұл біз үшін қуантарлық жағдай. Бұдан кейінгі жағдайымыз дұрыс болады дейміз. Келесі жолы қалған  жүзден аса адамдармен кеңседе кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізетін боламыз, – дейді «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенғазы Сәдулы.

Тегтер: желтоқсан оқиға көмек ақтау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02