13.01.2020, 10:00
81
«Шығыс Қазақстан облысыныңтуристік ақпараттық орталығы» КММ басшысы С.Рамазанов сотталды. Бұл туралы «ЖасАЛАШ»Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасапхабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл қызметі «ШҚО туристік ақпараттық орталығы» КММ басшысыС.Рамазанов пен бас есепшісі Г.Ислямоваға қатысты тергеу амалдарын аяқтаған.
Олар жанар-жағармай талондарын есептен шығару және азаматтарды жұмысқаорналастыру жолы арқылы ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдіккеілінген еді.
«2019 жылдың 10 қаңтарындаӨскемен қалалық № 2 сотының үкімімен Рамазанов және Ислямова ірі мөлшердебюджет қаражатын ұрлағаны үшін айыпты деп танылды. С.Рамазановқа 2 жыл,Г.Ислямоваға 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айрылды. Сотталғандар өмір бойынамемлекеттік қызметте лауазымды қызмет иелене алмайды», - делінген деп мәлімдеді агенттік.
Фото: yandex.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР