Жеңіс күні: Казактар қызыл ту көтеріп шықты

09.05.2019, 21:38

37

Семейде өткен  «Батырларғатағзым» шеруінде  жанжал шыға жаздады.

Семей қаласы әкімдігінің алдындағы орталық алаңға қалатұрғындары таңертеңгіліктен тұс-тұстан ағыла бастады. Басым көпшілігініңқолында бір-бір майдангердің суреттері мен аты-жөні жазылған тақтайшалар. Жеңіскүнінің басты символы ретінде сары және қара жолақты ресейлік әулие Георгийлентасын тағып жүргендер де баршылық, солармен қатар тәуелсіз еліміздің көк туытүстес лента таққандар да көзге шалынды. Тіпті, екеуін қатарынан тағып, тарихитанымы «тереңірек» екенін көрсеткендерге де көзім түсті. Жетектеген ұлыныңкостюміне осындай қос лентаны жапсырған әйел адамды сөзге тартуға тура келді.

«Георги лентасында тағуымыз керек деп ойлаймын. Себебі, бұл кешегі майдангер аталарымыздыңкезінен келе жатқан белгі. Жеңіс символы. Біз де бала кезімізден осы лентаны көріпөстік. Ал, тәуелсіз еліміздің көк түсті лентасы әрине, патриоттық сезімді оятуүшін ол да керек. Екеуінің қатар тұрғанында ештеңе жоқ», — дейді өзін Әсем СӘРСЕМБЕКОВАдеп таныстырған азамат.

Алаңды аралап жүргенде әскери формада киінген казактаршоғырына да көзім түсті. Өздері ғана емес, балаларына да «жауынгерлік киім»кигізген казактардың әрекеті көзге шыққан сүйелдей көрініп тұрса да қалалықәкімдіктің шенеуніктері көрмеген сыңай танытты. Бұл шындығында қала әкімініңжаңадан тағайындалған идеология жөніндегі орынбасары Айдар САДЫРБАЕВ пен ішкісаясат бөлімінің басшысы Нұржан ЕСЕНЖОЛОВТАРДЫҢ  маңызды тарихи шараға жүрдім-бардым қарауыныңнәтижесі екені көрініп тұрды. Қандай мерекелік шара болса да ел тәуелсіздігінмойындағысы келмейтін пиғылы аңғарылып тұратын казактарға келгенде қалабасшылығы күмілжіп қалатыны рас. Жай күндері алаңға шығып ойындағысын айтқысыкелген жан көрсе абақтыға айдай жөнелетін погондылардың да казактар алдындадәрменсіз екені көрініп тұр. Жай уақытта «ұлтаралық татулықты» өзге ұлтөкілінің емес, жергілікті қазақтардың санасына құюға әзір тұратын әкімдіктіңказактардың кеңестік қызыл ту ұстап шыққанын көре тұра селт етпегенітаңқалдырды.

Қызықтың көкесі басты шара — «Батырларға тағзым» шеруінежиналғандар сап түзейтін кезде басталды. Қалалық «ТВК-6» медиахолдингініңбасшысы Омарбек БАЙУАҚОВ кәрі-жасы аралас қала тұрғындарының қолына Жеңіс мерекесінәспеттеген ұрансөздерді ұстатып алдыңғы қатарға шығаруға барын салды. Алайда,қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов келіп, БАҚ басшысынсабырға шақырып, бұл қалалық әкімдік ұйымдастырып отырған «Батырларға тағзым» шарасыболғандықтан, бірінші қатарға әкімдіктің ұрансөзі шығуы тиістігін ескертті.Онсыз да бұған дейін «Мәңгілік полк» шарасын өткізу үшін жергілікті билікпенбасы піспей жүрген О. Байуақов бұған келіскен жоқ. Келіспеуі де бекер емес еді.«Мәңгілік полк» деген осыған ұқсас шараны өткізуге осыдан екі жыл бұрын ОмарбекБайуақовтың өзі бастамашы болып, жұрттың алдына түскені есімізде. Бірақ, биылбұл шараны әкімдік тікелей өз қарамағына алып, «дайын асты» өз аттарынапайдалануға тырысып «Батырларға тағзым» деп еншілеп кеткенінің куәсі болдық.

Сонымен, бұл жобаның негізгі авторы «Твк-6»телекомпаниясы екені тайға таңба басқандай көрсетілген ұрансөз ұстап тұрғандардыңжанына полиция өкілдері барып, кері шегіндіріп, алдыға әкімдік өкілдеріұстайтын ұрансөзді шығаруға тырысқандары сол еді, жайымен қызықтап тұрғанмедиахолдинг басшысы айғай салып тұра ұмтылды. Оған ұрансөз ұстап тұрғандарқосылып «Бұл халықтың бастамасы. Қарсысыңдар ма, әлде?» деп бір қария дақасарыса қалды. Кикілжің одан сайын ушығып кететін бе еді, кенеттен, топ алдынақала әкімі Ермак СӘЛІМОВ пен ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан БАЙАХМЕТОВ шығакелмегенде. Сәлімов құр қол емес екен. Қолына «Рафхат Салимов» деген майдангертуысының есімі жазылған тақтайшаны ұстай шығыпты.

Білдей қала әкімі қарсы алдына шыққан соң, биліктіңпәрменін іштей сезінген О. Байуақов амалсыз жолын беруге мәжбүр болды.Дегенмен, жай кетпей қала әкімінің тап қасына барып, іштегі қыжылын білдіріпүлгерді де ошарылып тұрған топ Мұхамедханов көшесінен Жеңіс саябағын бетке алыпжүріп кетті. Мұхамедханов көшесімен жаяу жүріп келе жатқан шенеуніктер бастағанлекті жанталаса суретке де, бейнекамераға түсіріп жатқандар қарасы біртоластаған жоқ. Ұялы телефондарына түсіріп жатқандардың көзқарасынан «Шіркін,әкімдер тек Жеңіс күні ғана емес, ара-тұра осылай жаяу шығып жұрт көзіне түсіптұрса ғой» деген тәтті арман ұялаған ойды оқуға болатын еді.

Фотоларавтордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Сайт әкімшілігі 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16