Жеңіс күнін «сүйетін» Сәлімов Алаш арыстарын елеусіз қалдырды

01.06.2019, 05:38

4


Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орайластырылғаншара Семейде Қайым Мұхамедхановқа орнатылған барельеф алдынан бастау алды.Алайда, кісі қарасының аздығына қарап, қазақ тарихындағы алапат ашаршылық пензұлмат жылдар құрбандарының рухына деген құрметтің әлі де солғын екені бірденбайқалды.

Соны жуып-шайғансиқы ма, ұйымдастырушылар колледж оқушыларынан құралған жас толқын өкілдерінкөпшілік алдына шығарып, Қайым Мұхамедханұлының кім екендігі туралы жаттандыдеректерді сайратудан арыға бара алған жоқ. Шын мәнінде ат төбеліндей топқағалымның қашан туғаны, қандай еңбектері бар екенін кейінгі толқыннан естіптұрғаннан гөрі, жай уақытта «Қайымның шәкіртіміз» деп кеудесін соққанда көшегесыймай кететін ғалым, абайтанушы, жазушылардың сөзін тыңдаған маңыздырақ еді.Өкінішке қарай, Әуезовтің бағыттауымен Абайдың ақындық мектебін түбегейлізерттеп, сол үшін қуғындау мен азаптаудың неше атасын көрген ҚайымМұхамедханұлы туралы тереңнен толғап сөйлер тірі жан шықпады.

Сырттан ұлық келсе,ұпай жинап көрініп қалуға тырысатын «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Орал ШӘРІПБАЕВ,жазушы Медеу СӘРСЕКЕ, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай ДОҒАЛАҚОВбастаған бір шоғыр қарттар да кеңестік үрейден әлі арылмаған кейіпте үнсізтұрып, жөніне кетті. Дегенмен, осы ырым еткен шара барысында Қанағат ҚАЙЫМҰЛЫМЕНаз-кем тілдесіп қалдық.

— Әкеміз Қайым Мұхамедханұлын жыл сайын еске түсіріп, осындай құрмет көрсеткендеріне,кейінгі жастардың біле түскеніне рахмет, әрине. Ал әкемнің әкесі МұхамедханӘлихан, Ахмет бастаған Алаш тұлғаларымен жақын араласқан екен. Бірде АхметБайтұрсынұлы менің әкемді үйге келгенде көтеріп алып, «Кейін біздің атымыздыболашаққа апаратын осы бала болады» деп айтып кетіпті. Осы бір эпизодтың өзіненде біраз жайлар белгілі бола түскендей, — дейді Қанағат МҰХАМЕДХАНОВ.


Суретте Қанағат ҚАЙЫМҰЛЫ

Шараның бұданкейінгі бөлігі «Мәңгілік ел» көшесіндегі Әлихан Бөкейхан ескерткішінің алдындажалғасты. Мұнда да жиналған жас өнерпаздар саңқылдап, жыр оқып, жалынды сөз бентарихи деректер айтып «бірдеңе білетіндіктерін» көрсетті. Бірақ, бірденбайқалған әрі көңілге қаяу түсірген жайт қала әкімі Ермак СӘЛІМОВТІҢ бұл тарихикүнді ел іші ұлттық аза тұту күні деп танып жатқанда, өз бетімен жылыстапӨскеменге аттанып кеткені болды. Жай уақытта қаладағы болмашы мерекеліккүндерге ат сабылтып Өскеменнен жететін облыстық әкімдіктегілер де келуді қажетсанамағаны көңілге кірбің ұялатты. Облыс әкімінің идеология жөніндегіорынбасары Әсем НҮСІПОВА өткен жылы келіп, сөзінің соңын «Завтра день защитыхдетей. С праздником!» деп аяқтағанын місе тұтты ма, әлде, екі күн бұрын ғанакелген соң, қайыра аяқ басуға ерінді ме, дәл осы күні Алаш қайраткерлерініңатын ардақтап келуді қажет санамаған сыңайлы. Есесіне, семейліктер Ахметовтіңалты орынбасарының бірін емес, қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаевтыкөргендеріне шүкір десті.

Осы бір олқылықтыбөлектеп айтар жөніміз бар. 9 мамыр, Жеңіс күні мерекесінде астарынанотаршылдық исі аңқитын «Бабалар аманаты – ерлікке тағзым» деген акция желеуіменбір-бір тақтайша ұстағандарды бастап, көшедегі көлік атаулыны тоқтатып екі көшежаяу жүрген әкімнің 31 мамыр – Ұлттық аза тұту күнінде қалада болмағаны оныңшенеуніктік деңгейін көрсетіп тұр. Өйткені, Семей о бастан Алашқайраткерлерінің ел болмаққа бас қосып, ізін қалдырған қастерлі қаласы емеспе?! Сонда оны әкім Ермак Сәлімовтің өзі сезінбегеніне қарағанда осы күнісемейліктермен бірге болуға шақыратын жан әкімдік айналасынан табылмағаны ғой. Әйтпесе,ұлттық тарихымыздың қасиетін ұғынған басшы болса, Әлихан Бөкейхан ескерткішініңалдында қағазға қарап оқыса да ойындағысын ортаға салып тұрар еді. Оны қаперінеалмастан облысқа шапқылауына қарағанда, «Жарлық қатты, жан тәттінің» керікелген сияқты. Өйткені, орынбасарларын жіберіп үлгермеген облыс басшысы ДаниалАХМЕТОВ ертеңгі 1 маусым балаларды қорғау күнінде Семейге келетіні белгіліболды.

Фотолар автордікі.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34