Жеңіс Қасымбек неге кешірім сұрады?

09.07.2020, 06:52

229

 Қарағанды облысында да басқа өңірдегідей «басыауырып, балтыры сыздаған» жұрттың қарасы ерекше көбейіп кетті. Осыдан екі-үш айбұрын тұмау белгісі білінгендердің кейбірі дәрігердің көзіне түскісі келмей,ауруханада емделуден қашатын еді. Енді жұрт сырқат деңдеп, үрей мен күдік қосаалмасқан қиын шақта екі көзі төрт болып, жедел жәрдем шақырта алмай әлекболуда. Сырқаттанған жұрт жедел жәрдемді кейде тіпті күні  бойы күтугемәжбүр. Денсаулық сақтау саласының басшылығы бұл жайтты шақырту көпболғандықтан, жедел жәрдемнің үлгермеуімен байланыстырады.

Жедел жәрдемнен күдер үзген жұрттың ендігіамалы дәріхана жағалау болды. Қай дәріханаға барсаңыз да, ұзын-сонар кезеккетап боласыз. Талай жұрттың дәріханадан тауы шағылып шығып жатады. Өйткенідәріханалардың басым бөлігінде вирусты емдейтін дәріні айтпағанда, дене қызуынтүсіретін парацетамол да жоқ. «Ауылда ата-анам сырқаттанып қалды, оларды қалағадәрігерге алып келудің реті жоқ, бұрын да дұрыс қарамайтын дәрігерлердің қазірмүлдем мүмкіндігі жоқ. Сондықтан өзіміз үйде емдеп көрейік деп шештік.Дәріханадан парацетамол дәрісін таппай, таң атқалы 15 дәріхананы аралап шықтым.Аспиринге әкемнің аллергиясы бар, парацетамол жоқ, әбден тығырыққа тірелдім. Еңқұрығанда биліктегілер дәріханаларды халыққа ауадай қажет дәрілерге толтырыпқоюға  болар еді ғой», – дейді Қарағанды тұрғыны Қарақат Орынбекқызы.
     Денсаулық сақтау басқармасыныңмамандары жақында парацетамол тәрізді қажетті дәрі-дәрмектердің қаладәріханаларына түскенін мәлімдеді. Алайда дәріні жұрт талап әкете ме, әлде дәріжеткіліксіз мөлшерде түсе ме, бұл жағы беймәлім. Бір анығы, жұрттың қолы дәрігетолық жетпей тұр.
Жұрттың әлеуметтік желідегі жанайқайын естіген облыс әкімі Жеңіс Қасымбекқараша халықтан дәрігерлер үшін кешірім сұрап, тұрғындарды сабырға шақырды. «Егерқандай да бір жағдайда медицина қызметкерлері эмоцияға беріліп, түсіністіктанытпай жатса, мен кешірім сұраймын. Біз  қателіктерді көріп отырмыз,  оны түзетугетырысамыз. Сіздерді үрейге берілмей, санитарлық қауіпсіздікті сақтауғашақырамын», – деді облыс басшысы.
     Бүгінгі таңда Қарағанды облысындаауруханаларға науқастар сыймай жатыр. Қосымша провизорлық нысандар ашылуда.Облыста жалпы саны 20 инфекциялық емдеу мекемесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде13 пульмо-провизорлық мекеме болса, жетеуі карантиндік нысандар. Бұл емдеумекемелері 3650 орынға жасақталған. Сонымен қатар  Қарағандыдағымедициналық университеттің жатақханасын инфекциялық стационарға айналдырған.Облыста 7 шілдедегі жағдай бойынша коронавирусқа шалдыққандар қатары 5520адамға жетті. Бүгінге дейін қауіпті індеттен 38 адамның өмірі қиылды.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

Қарағандыоблысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02