Жетісайда жаяуларға жол жетіспейді (видео)

23.09.2019, 21:09

5

Түркістан облысыЖетісай ауданының орталығы Жетісай қаласында жекеменшік «Сырдария» университетібар. Бұл оқу орны жұртты оқытқаннан бұрын қосымша әуреге салып отыр. Жергілікті жұрттың айтуынша бұл университеттің иесі және негізін қалаушы бұрынғы парламент депутаты, педагогика ғылымдарының докторы,профессор, бүгінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетініңректоры Оңалбай АЯШЕВ. Халықтың хәлін ойлап, қамын жасауға тиіс Аяшев мырза білімненбизнес жасап отыр дейді жергілікті жұрт.


«Сырдария» университетіорналасқан Әуезов көшесімен қилысатын Мұсабаев көшесінің 34 үйінің тұрғыны ЗамираЖАНДАРОВА бірнеше жыл бойы көше тұрғындарына келеңсіздік келтіріп келе жатқанбұл мәселені тұрғындармен бірігіп бірнеше рет көтерген. Алайда нәтиже жоқ. Олбұл туралы Жас АЛАШ тілшісіне телефон арқылы хабарлады.

— Мәселенің мәні былай. Мұсабаев көшесімен Әуезов көшесіқиылысатын сол жақ бетіне былтыр жаяу жүргіншілер жолы салынған. Алайда жаңатротуардың қақ ортасында электр бағаны тұр. Көшенің тарылғаны сондай, тротуартүгілі қатар келген екі көлік сыймай қалады. Көшенің оң жақ бетіне «Сырдария»университетінің бас ғимараты орналасқан жағына жаяу жүргіншілер жолы салынбайқалып кетіпті. Өйткені, біраз жолды «Сырдария» университеті заңсыз қоршап алған.Тіпті Әуезов көшесінде орналасқан жаяу жүргіншілер жолындағы гүлзар егетін жердіде университет территориясына кіргізіп алған, — дейді Замира Жандарова.


Сонымен қатар,университеттің жеке көлік тұрағы болмағандықтан, оқытушылар мен студенттердің,өзге де университетке келушілер көліктерін көрші үйлердің алдына қойып кетедіекен. Әбден мезі болған тұрғындар «ауызша шағым жасап ескерткеніміз еленбейді,тіпті көлік қоймаңыздар деп ескерту жасасақ та ескеріп жатқан ешкім жоқ. Үйденасыға шыққан біз өз көлігімізді шығара алмай, көлік иелері сабақтан шыққаншасағаттап күтуге мәжбүрміз» дейді.

ОҚМПУ ректоры әуреболғысы келмесе керек, аудандық ақсақалдар алқасына қолқа салып, енді солкөшені, яғни университеттің маңын арбат жасамақ көрінеді. Тұрғындардың тағы бірреніші, жыл сайын талапкерлер ҰБТ тапсыратын кезде көшені түгелімен темір қоршуаларменқоршап тастайды екен, ол апталап ашылмай тұрады. Тұрғындар шулап жүріп әреңаштырады.

Тіпті университеткеқарасты делінген футбол алаңының да құжаттары жоқ, заңсыз орналасқан деседі.Сонымен қатар, футбол алаңы жанындағы жуынатын шағын ғимараттың екінші қабатынаасхана салып жатыр.

Осы мәселелерді«Сырдария» университетінің негізін қалаушы Оңалбай Аяшев мырзаға ескертіп, түкшығара алмаған соң, жаяу жүргіншілерге арналған бұрынғы жолды қайтаруды сұрап «НұрОтан» партиясына, аудандық әкімдікке, аудандық Сәулет және қала құрылысыбасшысына, қала әкіміне, тіпті, облыс әкіміне арызданыпты. Енді соған жауапкүтіп отыр.

Суреттерді тұрғындар ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2020, 10:16
"Арзанның сорпасы татымас"

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39