Жетісу жастары: Қытай бізге жау емес

05.04.2019, 14:09

65

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлары “Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың бүгіні мен ертеңі” тақырыбында Жетісу жастарына дәріс оқыды. Алматы облысының ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған жиынға Талдықорған политехникалық колледжінің 100-ге жуық студенті келіп қатысты.

Қытайтану бағытына15 жыл жұмсаған ҚазҰУ профессоры Нұржамал Алдабектің сөзінше Қазақстан менҚытай арасындағы қатынас қоғамда үлкен резонанс туғызып отыр. Салдарынан екі еларасындағы байланысқа селкем түсіретін үдеріс жүріп жатқанын айтады. Ал,облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері аталған проблеманы, алдымен,студенттерге түсіндіруді жөн деп тапқан екен.

Мақсатымыз бұл тақырыпты халыққа жан-жақтытүсіндіру. Екі ел арасындағы қатынасты бұзуға қызығушылық танытатын,қазақ-қытай байланысын теріс жолға салуға ұмтылатын сыртқы күштердің бар екенінде ескеруіміз керек. Бұдан Қытай да Қазақстан да ештеңе ұтпайды. Ұтатын текіріткі салушылар ғана. Сондықтан біз бұның жақсы-жаман жақтарын жақсылапталдауымыз керек. Негізі, мемлекеттердің достары болмайды, тек мүдделеріболады. Әр мемлекет өз мүддесі тұрғысынан әрекет етеді және соны қорғайды. Ал,екі ел арасындағы жағдайды шиеленістіру біздің мүддемізге қайшы. Оған кедергіболатын факторлар, яғни, қос елдің қарым-қатынасында көлеңкелі тұстар барынайтып, ушықтырып отырғандар бар. Бұл жай ғана қорғыныш (ксенофобия). Екі еларасында халық дүрлігетіндей мәселе жоқ, — дейді, қытайтанушы НұржамалАЛДАБЕК.

Студенттергеарналған лекцияда Қытай стратегиялық тұрғыда Қазақстанның маңызды әріптесіекені, екі ел арасында сауда-экономикалық әрі саяси байланыс ғасырлар бойыжүргізіліп келе жатқаны айтылды. “Сондықтанаспанасты елімен достық қарым-қатынасты сақтау мемлекеттің басым бағыты” дедідәріс оқығандар. Бір жарым сағат Қазақстан-Қытай байланысы туралы тыңдағанстуденттерден не түсінгенін сұрап көрдік.

Рахат РАШИДОВ,Талдықорған политехникалық колледжінің студенті:

— Екі ел арасындағы байланыс тұрақты екенін, қытай еліҚазақстан экономикасына көп мөлшерде инвестиция құйғанын естідім. Сосын, қосмемлекет арасындағы тауар айналымы жоғары екенін, Қытай бізге жау емес екенінтүсіндім.

Жиын соңындаАлматы  облыстық ішкі саясатбасқармасының басшысы Рустам АЛПЫСБАЕВ дәріс оқыған профессорларға Лепсіденжеткізілген бал сыйлап, өзін ҚазҰУ-да оқытқан ұстаздарына алғыс айтты.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 15:50
Әділет министрлігі 2,1 миллиард доллар көлемінде Қазақстан мүддесін қорғады
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 14:30
Онлайн петиция беру үшін "тыйым салынған" тақырыптар белгілі болды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:36
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30