Жезөкшелермен күрес және Назарбаев паркіндегі фонтан
Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ тұңғыш президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ атындағы субұрқақты қайта жөндеуден өткізуді тапсырды. Ол үшін бюджеттен 470 млн теңге бөлінеді.
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы парк 2010 жылы ашылған. 2013 жылы сол кездегі қала басшысы Ахметжан ЕСІМОВ парктің кіре берісін жөндеуге 34 млн теңге, ал электр жүйесін ретке келтіру үшін 18 млн теңге жұмсаған еді.
Бақытжан САҒЫНТАЕВ президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ өкімімен 28 маусым күні Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған еді. Алматының жаңа әкімі бірінші жұмыс күні Сейфулин көшесін аралап жезөкшелермен күресті полицияға тапсырған болатын. Qaznet-те Бақытжан Сағынтаевтың бірінші жұмыс күніндегі шаруасы қызу талқыланды. Енді жезөкшелерден кейін бітірген ісі Назарбаев атындағы саябақтағы субұрқақ болып тұр.
Бастысы Сағынтаев мырзаның бұл тапсырмалары соңына дейін жетсе дейміз. Бір жылда төрт бірдей лауазымды қызметке тағайындалған шенеунік тағы да кресло ауыстырып жүрмей ме деген күдік те жоқ емес.
Тегтер:
Сайт әкімшілігі
13:15
Алматыда сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді
Арайлым ЕРКЕБАЕВА
10:52
Прокурор 10 жылға соттамақ болған Шкарупа ақталып шықты
Сайт әкімшілігі
10:34
Карантин күшейді, Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА
09:02
«Сенім кредиті» таусылған Көлгінов отставкаға кете ме?
Сайт әкімшілігі
27.01.2021, 14:20
ҰҚК есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағым жақтастарын ұстады
Сайт әкімшілігі
27.01.2021, 09:56
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды