Жиһадқа кеткен ақтөбелік әйел Сирияда төрт рет күйеуге шыққан

26.07.2019, 17:26

146

«Жусан» операциясыарқылы Қазақстанға оралған Ақмарал АЛМАҒАНБЕТОВАНЫҢ Сирияда өткен өміріойлантады. Қазақ қайда бара жатыр? Ислам діні туған балаларын тастауға үгіттейме? Жалпы бұған барлық дін атаулы қарсы емес пе.

Ақтөбеде «терроризмдінасихаттады», «ұлттық алауыздықты қоздырды» деген айыппен істі болып жатқан 32жастағы Ақмарал Алмағамбетова 2013 жылы үш баласы мен күйеуін тастап Сириядағысоғысқа кеткен. Сол кезде жасы 26-да болған жас келіншек жат елге ҚырғызРеспубликасы арқылы кеткен екен.  

«2013 жылдың 25-ші тамызында Түркия мемлекетіне келдім.Одан кейін 2 қыркүйекте Сирияға бардым. Елге биылғы жылдың 9-шы мамырында «Жусан»операциясы шеңберінде қайттым.  Мен өзім Күрт мемлекетіне берілгем. Қазақстанғахабарласып қайтатын адамдардың тізіміне қосуды сұрадым. Өзім берілдім», —  дейді Ақмарал Алмағанбетова.

Алмағанбетованыңсоты 22 шілде күні басталған. Судья Әлима ӘДІЛОВА жүргізіп жатқан процесстекеліншек неге балаларын тастап кеткендігін айтып берді.

«Жихатқа өз еркіммен аттандым. Елге қайтарда Күртмемлекетіне беріліп, Қазақстанға өзім хабарластым. Ал үш баламды тастап кеткенсебебім мен ол жаққа не үшін бара жатқанымды білдім.  Сондықтан алмадым», — деп жауап берді соттакеліншек.

Тергеуматериалдарына сүйенсек Ақмарал 2013 жылы отағасымен шариғат жолы арқылыажырасқан. 2017 жылы күйеуі Мирболат ЖАМАНҚҰЛОВ заң бойынша ажырасу үшін арызжазған. Қызығы, Ақмарал бір жылдан кейін бірақ отбасына өзінің Шам еліндемайданда жүргенін хабарлап, күйеуіне ДАИШ экстремистік ұйымын насихаттаған.

Ақтөбелік келіншекСириядан жалғыз келмепті. Жат елде төрт рет тұрмыс құрған Ақмарал Альбараесімді төрттегі ұлы мен Ниссанұр атты екі жасар қызымен Қазақстанға келген.

Прокурор АзаматБАЙБОЛОВ Сириядағы соғыс аумағына өткен Алмағанбетованың ісін екі жақтыпроцесуалды келісіммен аяқтауды және кінәсін толық мойындағаны үшін бес жылғабас бостандығынан айыруды сұрады.

Күдікті Алмағанбетовасотқа дейінгі тергеу барысында аталған іс бойынша өз кінәсін толық мойындады.Процестік келісім жасауға ерікті түрде ниет білдірді. Іс бойынша қылмысжасағанын қолда бар дәлелдемелермен өзі келтірілген сипаттамаларғадауласпайтынын және сараптама қорытындысына жұмсалған 54 905 теңгені мемлекетпайдасына толық өтеуді міндетіне алды деді мемлекеттік айыптаушы АзаматБайболатов.

Алайда сотпрокурордың бұл процесуалдық келісіміне келіспеді. Қылмыстық істі бір аймерзімге қайта тергеуге жіберді.

Фото автордікі.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Дарын ЗАМАНБАЙ 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 09:15
Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 6 637 жағдайы тіркелді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59