Жиырма мың жұмыс орны құрылды

Сайт әкімшілігі

08.12.2020, 12:44

218

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирус пандемиясы кезінде аймақтағы кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы баяндады.

— Осы жылдың 10 айында шағын және орта бизнестің өндіретін өнімдері мен көрсететін қызметтерінің көлемі 9,2 пайызға өсіп, 194 миллиард теңгені құрады. Бұған Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданған мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қолымыз жетті. Шағын және орта бизнесті қолдауға барлығы 8,3 миллиард теңге бөлінді, — деп атап өтті Б.Сапарбаев.

«Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін 152 кәсіпкерге 1,2 миллиард теңге төленді. «Еңбек» бағдарламасы аясында 6,4 мың адам 3,5 миллиард теңге көлемінде жаңа кәсіп көздерін ашып, оны жүзеге асыруға бағытталған қайтарымсыз грант алды, 1,2 мың кәсіпкер 3,6 миллиард теңге көлемінде шағын несие алды.

Барлығы 14,1 мың кәсіпкерлік субъектісі жалпы сомасы 2 миллиард теңгеге салықтық жеңілдіктерге ілініп,  740 субъектінің 3,9 миллиард теңге көлеміндегі несиелерін өтеуі кейінге қалдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 21 пайызға дейін өсіп, 361 миллиард теңгені құрайды.

Шағын және орта бизнесті қаржылық қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы жоспарда жаңа жұмыс орындарын ашу шаралары да қамтылған.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына барлығы 73 мыңға жуық адам қатысты. Есепті кезеңде 30,6 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 19,1 мыңы тұрақты.

Жақсы нәтижеге Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асырудың арқасында қол жетті. Жалпы сомасы 64,2 миллиард теңгеге 809 жоба аясында 20 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Осы жобалардың нәтижесінде апатты және үш ауысымды мектептер саны азайды, 1346 шақырым жолға асфальт төселді, әлеуметтік нысандар жөнделді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жаңартылды» делінген Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Осы орайта айта кетерлігі, өткен жылы Жамбыл облысында үй маңындағы аулаларды тиімді пайдалану және шағын бизнесті дамыту арқылы ауыл тұрғындарының табысын арттыру пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Бүгінде бұл жобаға аймақтағы 10 ауданның 8 мың тұрғыны қатысып, игілігін көруде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:15
25 қазақстандық Оңтүстік Корея түрмелерінде жазасын өтеп жатыр
Сайт әкімшілігі 16:00
Елжан Біртановтың қамау уақыты ұзартылды
Сайт әкімшілігі 15:07
Банктер, айырбастау пунктері мен ломбардтардың жұмыс уақыты өзгерді
Сайт әкімшілігі 14:15
Заң бар, ереже жоқ: БЖЗҚ-дан қаражат алу процесін кешіктіру туралы
Еркежан АРЫН 13:15
Вакцина - бір бөлек, адамдарды вакцинациялауға көндіру – бір бөлек мәселе
Сайт әкімшілігі 12:30
Ашық есік күні: обырдан сақтаныңыз

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33