Жоба кезінде бәрі жақсы – жаман үйді кім салады?

11.02.2020, 18:57

24

   Бүгінде көзді-ашып жұмғанша көп қабатты үйтұрғызып, баспана зәрулігі өткен жұртқа көлденең тарта қою атқарушы билік үшін«түк те қиын емес» болып барады. Құрылысты қолына алатын мердігер компанияларарасында жеребе тастағандай тендер ойнатып жіберіп, артынша әкімдікке жаққан«күлшелі баланың» бәсін арттыруға барын салады. Халықты баспанамен қамтужолында «бармақ басты, көз қысты» таныстықтың да мұндайда рөлі зор. Содан арықарайғысы белгілі: сырты көздің жауын алатын тұрғын үйдің алдына кезекте тұрғанкөп балалы аналарды, тағы да басқа әлеуметтік деңгейі әртүрлі қараша халықтыжинап, бір-бір пәтердің кілтін ұстатады. Нақ осы сәттегі көріністер көз алдауекенін іштей ел жақсы білгенімен, биліктің сойылын соғатын БАҚ өкілдері ұлықбіткен тегін үй үлестіріп жатқандай таласа жариялап жатады. Біртіндеп дабырасыбасылып, әркім арендалық немесе ипотекалық төлем арқылы қарызға берілгенүйлеріне қоныстанған соң, көп кешікпей жарылған қабырға, шатырдан аққан судыкөргенде барып, қайда барып шағымданарын білмей алашапқын әлекке түседі.

   Жасыратыны жоқ,қазір қай қалада болсын, мемлекеттік бағдарламаға сай көп қабатты үйлерқарқынды салынып жатыр. Пайдалануға беріліп, тұсауы кесілгендерінің қарасы оданда көп. Тіпті, сыртқы көрінісі сан түрлі бояуларымен көз арбап сала бергендебірінен-бірі өтеді. Алайда, ішкі сапасының сын көтермейтініне жұрт жан-жақтандабыл қаққанда көзің жете түседі. Нақты мысалмен айтсақ...

   Зейнеткер шатырға кімді шығарарын білмейжүр

   Шығыс Қазақстаноблысы Үржар ауылы (аудан орталығы) Жандосов көшесі 24 үйге көшіп келгенінебірер ай енді болған Ырысхан Қойлыбаева пәтеріне кіріп-шыққан сайын үрейіұшады. Өйткені, 3 млн.теңгеден астам қаражатына толықтай сатып алғанбаспанасының шатыры маңдайшадан қауіп төндіріп тұр. Яғни, көпқабатты үйдіңшатырына шығаратын есік сатысыз орнатылғаны өз алдына, есік ашылған сайынтөбеден құлағалы тұрғандай әсер қалдырады.

-Жазда шатырдағы шаң-топырақ, құстардың саңғырығына дейінесікті ашсам болды сауылдап түседі. Оны айтпаған күннің өзінде шатырғашығаратын есікті пәтердің маңдайша тұсына есі дұрыс адам сала ма, айтыңызшы?!Жалғызбасты анамын. Кіргенде үйдің жылы екенін көріп қуанып қалып едім,сапасыздығын енді біліп жатырмын. Жанымдағы пәтерлерге тоқ көздері таралатынэлектрощиттің тура есігімнің артына орнатылғанын көрмейсіз бе? Оқыста сымтұйықталып қалып өрт шықса, кімді жауапқа тартарымызды білмейміз. Өйткені,мұнда өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған жәшік те жоқ дәліздегі қабырғада.Ал, қабырғаның сиқы анау жарықшақтар пайда бола бастаған,-деп күйінедізейнеткер-ұстаз Ы.Қойлыбаева.

   Расында қосподьезді, төрт қабатты тұрғын үйдің кетеуі кете бастағаны көрініп тұр. Алайда,зейнеткерден өзге жанайқайын айтып шағынар жан табу қиынға түсті. Дегенмен,сапасыз салынған үйдің қалайша қолданысқа берілгендігін анықтамақ болып, Үржарауданы әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбековке хабарласқанымызда, оған тапқазір жергілікті атқарушы билік жауап бермейтін сыңайын байқадық.

-Бұл үй осыдан жеті жыл бұрын, мемлекеттік сараптамаданөткізіліп, пайдалануға берілген. Кепілдік мерзімі үш жыл болған. Яғни, соданбері де төрт жыл өте шықты. Ондағы тұрғындардың барлығы да үйлерін толықтайжекеменшігіне өткізіп алғандықтан, пәтерлердің жөнделуіне өздері жауапты. Өзараларынан сайлаған «старшыйлары» (ПИК басшысы сияқты тұрғын) қажеттіжұмыстарды түсіндіріп, ұйымдастыра білуі керек. Егер үлкен проблемалар туындапжатса, әкімдіктен көмек береміз. Бірақ, олар жекеменшік пәтерлердетұратындықтан, жөндеу жұмыстарын өздері жүргізу тиіс,-дейді Б. Тұрлыбеков.

    Әкімніңорынбасары сондай-ақ зейнеткер шағымданған шатыр есігінің қате салынғанынқарау, дер кезінде тексеру әкімдік құзыретінде қаралмағанын атап өтті. Сөзінесенсек, «жобалау-сметалық құжатында қалай қаралады, солай салынады» екен...

  Ақауын Ахметов көзіне шұқып көрсеткен үйжөнделіп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Үржарауданына сапарлап барған (31-қаңтар) кезінде де 30 пәтерлік көпқабатты үйдіңқұрылысы сапасыз салынып жатқанын көріп, көңілі нілдей бұзылды. Қызығы солмұндағы 30 пәтердің 24-і көп балалы аналарға, 6-ы ата-ана қамқорлығынан тысқалған жандарға берілуі жоспарланған. Бірақ та жанына аудан әкімі СерікЗайнулдин бастаған жергілікті шенеуніктер мен БАҚ өкілдерін ертіп үйдің құрылысбарысын әдейілеп көрген өңір басшысы терезе жақтауының асты үгіліп жатқаныншенеуніктердің көзіне шұқып көрсетті. Даниал Ахметовтің тап осы сәтте ауданбасшылары мен осы нысанды қолға алған «СтройЭлитРиэлти» ЖШС мен көмекшімердігер «PLAZA CONSTRUCTION» ЖШС-ның жұмысын сынға алған бейнежазбасыәлеуметтік желілер арқылы тарап кетті. Шаршы метрі 140 мың теңгеге бағаланғанүйге қаражатын салып кірген қараша халықтың алдында ұятқа қалмауын ескерткенАхметов тап осы жолы өзінің сеніміндегі әкімдерінің қатарынан санайтынЗайнулдинге қырын қабақ танытып кеткені байқалып қалды. Бір жағынан облысбасшысының кәрін төгетіндей жөні бар тәрізді. Құрылыстың іргетасы қаланғанкүннен бастап қалай жүріп жатқанын аудан әкімі Серік Зинабекұлы бір сәт келіпкөрмеген сыңайлы. Бар шаруаны өзінің осы сала бойынша орынбасары ДидарХамитовке жүктеп қойып, жайбарақат жүре бергендей.

   Ахметов облысқааттанып кеткеніне бірнеше күн өткенде Үржар ауданының әкімдігі «Облыс әкімініңсын-ескертпелеріне сәйкес, аудан әкімінің тапсырмасы бойынша» көп балалы аналар30 пәтерлі тұрғын үй құрылысының комиссия мүшелігіне кіргенін «Фейсбук»әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Еріксіз езу тартасың: сонда Д.Ахметов келіп сын-ескертпе айтып кетпесе, аудан әкімі тапсырма бермей ме? Әлде,көп балалы аналар көзін жұмып кіре береді деп ойлады ма екен? Бұл, әрине,біздегі құрылыс жұмыстарының көбіне көзалдау әрекетпен салынып жататындығын,тексеру барысында талайы әшкереленіп қалатынын көрсетеді.

  Нақты дерекпенайтар болсақ, қазір Шығыс Қазақстан облысы бойынша, 32 мың адам пәтер кезегіндетұр. Олардың барлығын баспанамен қамтып болғанша, қаншама жыл өтетінін бір Аллабіледі. Ал, соның бір ғана бөлігі саналатын Үржар ауданының орталығынан бойкөтерген тұрғын үйдің сапа сиқы осылай болса, ел аумағында жүріп жатқан баспанақұрылыстарының қолданысқа қай уақытта, қандай күйде табысталатынын елестетудіңөзі қиын. 

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

 


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2020, 10:16
"Арзанның сорпасы татымас"

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39