Жолдасбеков Тоқаевқа «бес» қойды

24.04.2019, 00:26

38

Жасыратыны жоқ, кезінде Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ та ана тілін жақсы білмейді деп сынға қалғандардың қатарынан болатын.

Бірақ, жазушының баласы бұл кемшілігін түзеп, соңғы жылдары мемлекеттік тілді тәп-тәуір меңгеріп, қазақ тілінде еркін сөйлей алатынын екі сағаттық емтиханда анық дәлелдеді. Иә, ҚР Президенттігіне «Nur Otan» партиясы ұсынған үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссия алдында емтихан тапсырды. Комиссия төрағасы Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақшасынан бір қате таппады.

«Өздеріңізбілесіздер, «Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін келіп емтихан тапсырды. Екісағаттың деңгейінде біздің ортамызда болды. Ережеге сәйкес емтихан тапсырды.Бірінші жазба жұмысының тақырыбы — «Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қарасөздері». Екінші мәтін оқуға Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» әңгімелер менхикаяттар  жинағын таңдап алды. Үшіншісі ол кісінің жанына жақын «ҚазіргіҚазақстанның геосаясаты» тақырыбы болды», — деді Мырзатай Жолдасбеков.

Комиссия мүшелері алдында Қасым-Жомарт Тоқаевәп-әдемі шығарма жазып, өзі қалаған әңгімені мәнерлеп оқып берді. МырзатайЖолдасбеков қатты риза болғаны соншалық «Өткен жолғы президентіміз де осылайжазған еді» деп, Нұрсұлтан Назарбаевтың да емтиханды беске тапсырғанын ескеалып өтті.

«Бір де бірқате көргеніміз жоқ. Өткен жолғы президентіміз де осылай жазғанеді. Бірінші шығарма жазғанда Абайдың поэзиясы, қара сөздері, оның жалпыхалыққа беретін маңызы туралы бүгінгі үміткеріміз терең толғаған. Өте әдеміжұмыс. Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» әңгімелер мен хикаяттар  жинағының үш бетін оқыды. Мәнерлеп,ырғағымен өте әдемі оқып берді. Ал «Қазіргі Қазақстанның геосаясаты» жайындакең толғады, терең сөйледі. Жалпы біздің лингвистикалық комиссияның бергенқорытындысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік тілді толық, жан-жақтымеңгерген»,-деді комиссия төрағасы.  

Осылайша Тоқаевқа Жолдасбеков «бес» қойды.

Коллаж: Жас Алаш

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 09:18
Бір тәулікте 716 адам коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52