Жолдау жүктеген міндеттер сот саласын дамытуда

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

30.09.2021, 08:00

649

Тәуелсіздік алған жылдардан  бастап елімізде сот саласы қарқынды даму үстінде. Елімізбен бірге өсіп, өркендеп, дамып келе жатқан саланың отыз жылдың ішінде заманға сай жаңарып, жаңғыруының куәсі болып отырмыз. Атап өтер болсақ, 1991 жылдары басталған саяси-әлеуметтік және экономикалық қайта құру процесі негізінде елімізде ұлттық құқықтық жүйе қалыптасты. Егеменді елдің сот саласында түбегейлі өзгерістер орын алып, мемлекеттік биліктің дербес тармағы – соттың іргетасы қаланды. Сол уақыттан басталған реформа кезең-кезеңімен заң-ережелер, бағдарламалар, халықаралық тәжірибе және сарапшылардың талқылауымен жетілдіріліп келеді.

      Алғашқы жылдары мемлекет басшылығының қадағалауымен дамудың даңғыл жолына түскен сот саласы кейін президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауымен уақыт ағымына сай бейімделе білді. Жыл сайын мемлекет басшысының жолдауынан да сот саласының дамуы, негізгі мәселелері, алдағы уақытта заман талабына сай енгізілетін өзгерістері қалыс қалған емес.

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған алғашқы жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, яғни сот жүйесі мен құқық қорғау жүйесін терең реформалауды, соттардың сапасын жақсарту үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажеттігін тапсырды. Нәтижесінде соңғы бір-екі жыл көлемінде салада көптеген оң өзгерістер орын алды. Сондай-ақ сот шешімдерін мұқият саралауды, дауларда бірыңғай сот тәжірибесінің қамтамасыз етілуін, әкімшілік сот төрелігін енгізуді, заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен түсініксіз тұстардың азаматтардың пайдасына қарастырылуы керектігін тілге тиек етті. Осыдан соң, елімізде сот шешімдері мазмұны жағынан оқылуға оңай, жеңіл әрі түсінікті тілмен жазылуы қолға алынды.

Заң терминдері өте көп екенін ескерсек, кәсіби терминдердің көп жағдайда қарапайым азаматтарға ұғынықты тілде бола бермейтінінен де сот шешімін халыққа түсіндіріп берудің, оның қарапайым жазылуының маңызы зор екенін байқаймыз. Ал жолдауда көтерілген мәселелер артынша шешімін тауып, сот шешімдерінің сапасына оң ықпал етті. Бұрын судья үкімді жариялап болған соң, дереу сот залынан шығып жүре беретін. Сотқа қатысушыларға ештеңені ашып түсіндіре бермейтіндіктен, халық тарапынан наразылық көп сезілетін. Көп сұраққа жауап таппай, үйге қайтқандар кейін қайтадан құқық қорғау орындарына шағымданып, сот істерінің көбеюіне ықпал ететін. Өз кезегінде жолдауда айтылып, кейін Жоғарғы сот тарапынан қолдау тапқан мәселе халық пен сот арасын жақындатып, көпшіліктің сот орындарына деген сенімін нығайта түсті.

Сондай-ақ 2019 жылы халыққа арнаған алғашқы жолдауында Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде ауыр қылмыстар санының азаймай отырғанын да алға тартып, жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажеттігін де айтты. Қазір қоғамымызда осы қылмыстарға қатысты түрлі шаралар қолға алынып, ауыр қылмыстардың алдын алу бағытында жұмыстар күшейтілуде.

Өткен жылы да мемлекет басшысы жолдауында сот саласы мәселелеріне айрықша тоқталып өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сот саласына қатысты: «Қоғамның соттарға деген сенімін орнықтыру басымдығы бар мақсатқа айналуы керек. Бұған мемлекет пен судьялар корпусының өз күштерін жұмыл­дыруы арқасында ғана қол жеткізуге болады. Сот жүйесі ешкімге есік ашпайтын меңіреу мекемеге айналмауға тиіс. Жоғары сот кеңесі мен Жоғарғы сот жаңа кәсіпқой кадрларды сот төрелігін жүзеге асыруға тарту жұмысын белсенді жүргізгені жөн. Сот жүйесі салық салу, жер қойнауын пайдалану, зияткерлік меншік, корпоративтік құқық саласының мамандарына зәру болып отыр. Судьяларды іріктеу бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жүргі­зілуге тиіс. Үміткердің қандай еңбегі арқылы жұмысқа қабылданғанын жұрт­шылық біліп отыруы тиіс. Дау-дамайды шешудің баламалық тәсілдерін де дамыту қажет. Бұл ұстаным мемлекеттің қатысуынсыз-ақ ымыраға ке­луге жол ашады. Дамыған елдерде мұн­дай институттар өзін-өзі таныта білуде. Он жылдай уақыт бұрын біз «Ме­диа­ция туралы» заң қабылдадық. Бірақ қазіргі кезге дейін бірде-бір мем­лекеттік орган оның даму мәселесімен айналысқан емес. Айқын мемлекеттік саясат байқалмайды. Бұл жағдайды реттеп, қателікті жөндеу керек», – деді.

Артынша судьяларға артылар жауапкершілік күшейіп, талап та арта түсті. Судьяларды іріктеуге де ерекше мән берілді. Дау-дамайларды сотсыз шешу жолға қойылып, медиация арқылы шешімін табатын істер саны арта түсті. Жолдау жүктеген міндеттердің дер кезінде орындалуы саланы айтарлықтай дамытқанын байқап отырмыз.

Тегтер: сот жүйесі цифрландыру бастама шешім шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00