Жолдың жыры келер жылы тамам болмақ

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

29.10.2020, 04:39

2651

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің пайдалануға берілуі көлік-логистика саласын жандандырумен қатар, аймақтың экономикалық әлеуетін арттыра түсті. Тоғыз жолдың торабындағы Сыр өңірінің болашағы осы саланың дамуымен тығыз байланысты. Ендігі мәселе ұзақ жылдан бері шешілмей келе жатқан Қызылорда–Жезқазған бағытындағы тас жолдың жағдайы. Қазір бұл бағытта мамандар жолдың техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-зерттеу жұмыстарын қолға алыпты. Қызылорда облысы бойынша оның жалпы ұзындығы 204 шақырымды құрайды.

Аталған автомобиль жолының қайта жаңартылуы ел экономикасының дамуына немесе жүк айналымының өсуіне серпіліс береді. Сонымен бірге Нұр-Сұлтан қаласына дейінгі қашықтық едәуір қысқарып, елдің оңтүстік өңірлерінен Орталық Қазақстан арқылы барлық аймақтарына, одан әрі Ресей Федерациясының өнеркәсіптік аймақтарына шығуға мүмкіндік туады.

Қазір бас жобалаушы – «Каздорпроект» ЖШС, ПИИ «Каздорпроект» ЖШС және «Семдорпроект» ЖШС-ның консорциумы жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Жобалық-сметалық іздестіру жұмыстарына жалпы 583 млн теңге бөлінбек.

– Биыл «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ-ның облыстық филиалы жоба жүйесін әзірлеп, жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Жыл соңына дейін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарлануда. Жобаның болжамды құны – 131,5 миллиард теңге, – деп нақтылады облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Мұрат Тілеумбетов.

Жобалық-сметалық құжаттамалар бүгінде мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр екен. Бірқатар жұмыстар бойынша тиісті құжаттар сараптамаға тапсырылыпты да. Орталық аппарат мемлекеттік сараптамадан өту қаражатын (23,275 млн теңге) жоспарға енгізіп, осы қаражатқа көптеген айналма жол мен жол өткелдері де салынбақ. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталады дейді мамандар.

Жалпы, кез келген жол салынғаннан кейін, 10 жылдан соң күрделі жөндеуден өтуі тиіс екен. Егер осы ережеге сүйенсек, Қызылорда–Жезқазған бағытындағы жол бір емес, екі рет күрделі жөндеуден өтуі керек. Екі онжылдықтың еншісінде кетіп қалса да, Сыр мен Арқа халқы жолдың осы жағдайына тәубе десті. Ал оны жөндеуге жоғарыдағылар мен жергілікті шенділер көңіл де, қаржы да бөле қойған жоқ. Тек әр жылдары ішінара жөнделіп тұрғаны болмаса. Орталық, солтүстік өңірлерде өндіріс орындары көп болғандықтан, бұл жолмен ауыр жүк көліктері зат тасып, әрі-бері жиі жүреді.

– Әрине, халық жолды пайдаланып отырғандықтан, иесіз қалдыра алмайды. Екі аралықтағы 204 шақырым жол – күрделі жол. Бұл жол елордаға тікелей шығатындықтан, оңтүстік пен солтүстік облыстардың жолаушылары осы жолмен қатынайды. Өкініштісі, жол бойында қалып қойсаң, байланыс тартпайды, елді мекендер де жоқтың қасы, – дейді жүк көлігінің жүргізушісі Айбек Сәбитұлы.

Аймақта Жезқазғанның жолынан басқа да жөндеуді қажет ететін жолдар жеткілікті.

– 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту үшін жалпы құны 46 млрд теңге болатын 79 жоба енгізілді. 2025 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 97 пайызға жеткізу жоспарлануда, – деді М.Тілеумбетов.

Ел өмірінің өзегіне айналар Қызылорда–Жезқазған көлік жолы жөнделсе логистикалық жағынан тиімді орналасқан Сыр өңірі үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылар еді.

Тегтер: сараптама жол жөндеу құрылыс жұмыстары жоба жүйе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 12:54
«Мен орысша сөйлеуге міндетті емеспін»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12:41
Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10:53
Әкімдік мамандары жәрдемақы есептерде жіпке тізгендей тергеп түгендейді-көп балалы ана
Сайт әкімшілігі 09:40
Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56