Жөндеу көрмеген жалғыз көше

11.03.2020, 14:03

5

Алматыоблысының әкімі Амандық Баталовтың назарына!

     Мемлекетбасшысы  «халыққа құлақ асатын үкімет» құратынынжария еткелі бері бұқара біраз жылымық күткен. Бірақ әлі де болса өз ісіне сүлесоққарайтын әкім-қаралар бар екен. «Жас Алаш» газетінің редакциясына Алматыоблысы, Талғар ауданы,  Бесағаш ауылының70-тен астам тұрғыны қол қойған хат келіп түсті.

    Мәселенің мәнісінеүңілсек, шын мәнінде ауылдың емес, өздері тұратын көшенің жағдайы оларды алаңдатыпотыр. Енді хаттың мазмұнына үңілсек. «Біздің Талғар ауданы, Бесағаш ауылының  Құдайбердиев көшесінде 156-дай тұрғын үй заңдытүрде тіркелген. Тұрғылықты ересек адамдар мен мектеп жасындағы балаларды есепкеалатын болсақ, көшемізде 1500-ден аса   тұрғынөмір сүріп жатыр. Олардың арасында зейнеткерлер,  балалар мен көпбалалы аналар және мүгедекжандар жеткілікті.

     Ауыл өте үлкен.Алматы іргемізде орналасса да, көшеміз әлі күнге  жөндеу көрмеген. Соңғы 20 жылдан бері  Бесағаш ауылында бірнеше әкім ауысты. Халыққашама келгенше жағдай жасалуда.  Бірақбіздің айтпағымыз басқа.  Ауылдағы ең үлкенШ.Құдайбердиев көшесі болғанымен, біз  барлық жаңалықтан  тыс қалудамыз. Осы мәселе өзегімізді өртейді.Нақты айтар болсақ,  осы уақытқа дейін көшетегістелмеген, асфальт төселмеген. Ең бір қиыны – лас су қалдықтары өтетін кәріздіжүйе тартылмаған.  Осы уақытқа дейін  көшемізде электр жарығы жоқ.  Қараңғы көшемен кешке қарай жүру өте қиынға айналады.Әсіресе екінші ауысымда оқитын оқушыларға қиын тиіп тұр. Кешкі уақыттаоларды  күтіп алуды  ата-аналар күнделікті әдетке айналдырған. Олайетпесе болмайды. Өйткені кешкілік қараңғыда балалардың үйге оралуы және қауіпсіздігі бізді алаңдатады. Бірақ мұны ойлап жатқанәкімдік жоқ.

2019 жылы біздің көше бойымен косымша су құбырларынжеткізу, жөндеу жұмыстары  жасалынған сияқтыболды. Бірақ бәрі де сапасыз. Жөндеу жұмыстарынан кейін әкімшілік тарапынан қадағалауболмағандықтан, көше дұрыс тегістелмеген күйінде қалды. Көктем, күз айларында көшеменжүру мүмкін емес. Лай-батпақтан адам аяғын алып жүре алмайды. Ең алаңдататыны,жыл сайынғы ауыл  әкімдерінің есеп беружиындарында, жеке қабылдауында олар құрғақ уәде берумен шектеледі. Еш нәтиже жоқ.Біздің жанайқайымызды еститін басшы жоқ. Барлық мәселе ауыл әкімінің құзырынанаспай, орта жолда қалып қоя береді. Осы қалыптасқан  жағдайға байланысты өтініш-талаптарымызды ескеріп,көмек беруіңізді сұраймыз».

     Ақиқатын айтсақ,Құдайбердиев  көшесінің  тұрғындары «жанайқайға құлақ түрер» дегенниетпен Алматы  облысының әкімі АмандықБаталовтан ғана үміт күтеді.  Тұрғындар қазіраймақ  басшысына ғана сенеді.  Өйткені 20 жылдан бері айтылған мәселе жазыла-жазылажауыр болған. Бірақ өзгерген еш нәрсе жоқ.

– Біз Бесағаш ауылының әкімі Марат Арынбаев пен Талғарауданының әкімі Жолан Омаровқа талай рет тұрғындардың жанайқайын жеткізгенбіз.Бірақ «мәселе алдағы уақытта қарастырылады, бюджетте қараймыз» деген  жауапты жыл сайын аламыз. Бұл Бесағаш ауылындағыжөндеу көрмеген жалғыз көше болып отыр. Биыл да әкімшіліктен осы тақылеттесжауыр болған жауап алдық, – дейді Құдайбердиев көшесіндегі №135 үйдің тұрғыны  Сеймұрат Шорабаев.

– Мемлекет басшысы «халыққа құлақ асатын үкімет» құратынынжария етті. Әрине, Президенттің бұл қадамы дұрыс. Құптаймыз. Бірақ жергіліктіжердегі әкімдер халықтың пікіріне құлақ аспайды.  Сондықтан бізді алаңдатып отырған мәселеБаталовты да ойлантады, мәселемізге толыққанды назар аударады деп сенеміз, –дейді №131 үйдің тұрғыны Юсупжан Шарипов.

    Міне, Құдайбердиевкөшесі тұрғындарының жанайқайы осы. Біз аталған мәселе бойынша Талғар ауданыныңәкімдігіне тұрғындардың түйткілін жеткізбек болғанбыз. Бірақ тұрғындар «аудан әкімдігінехабарласудың қажеті шамалы, бұл жылдағы алатын жауабымыз» дегенді айтты. Өйткеніжергілікті шенділерден «алдағы уақытта қарастырылады» дегеннен басқа жауап келмеген.Ал ауылда жөнделмей қалған жалғыз көше енді осылай қала бере ме?

    Қыста – мұз, көктеммен күзде лайға айналатын, адам жүре алмайтын, жөндеу көрмеген жалғыз көше тұрғындарыныңжанайқайын әкім Баталов түсінер және күрделенген жағдайды шешеді деген ойдамыз.

Еркін ҚАЛДАН

                                                                   




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58