Жөндеуге 440 млн теңге бөлінген мектеп

Едендегі тесіктерді неге шүберекпен бітейді?

Әділ АҚЫЛБАЙ

21.05.2021, 08:49

2983

Әлеуметттік желілерге рақмет. Қазақстандағы жемқорлық пен жөнсіздіктің небір сорақы мысалдарын әшкерелеп жатады. Мәселен, кеше әлеуметтік желіде Атыраудағы Мақаш Бекмұхамбетов атындағы мектепте түсірілген масқара сурет тарап кетті. Ол суретте мұғалімдер мектептің спортзалындағы ескірген ағаш еденнің тесіктерін шүберекпен бітеп жатыр. Иә, мұғалімдер көрпенің тысын жыртып, тесіктерге соны кептеп тастаған екен.

      Ең сорақысы сол – былтыр бұл мектепті күрделі жөндеуге 440 миллион теңге бөлінген екен. Ол ақша толығымен игерілген. Бірақ сонда да биыл мектеп басшылығы толық аяқталмай қалған жөндеу жұмыстарын осындай ерекше әдіспен, шыт сияқты қолда бар тегін құрылыс материалымен бітіре салайын деген екен. Тіпті ол жұмысқа мұғалімдерді мәжбүрлегеніне не дейсіз?

Әлгі сурет әлеуметтік желілерге тез тарап кетті. Атырау облыстық білім басқармасы тексеру жүргізілгенін айтып, мектеп директорына қатысты тәртіптік жаза қолданылғанын жеткізді. Сол мектепте жұмыс істейтін мұғалімдердің бірі Раиса Жұмабаева ҚазТАГ агенттігіне осындай жағдайдың орын алғанын растаған екен. 

        «Күрделі жөндеу жүргізуге былтыр 440 миллион теңге бөлініп, ол қаражат игерілді. Бірақ жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Жөнделген деген жерлерінің өзінде сапасыз атқарылған жұмыс көп. Көптеген кабинеттердің төбесінен су ағып тұр. Терезенің жақтаулары ішке кіріп кеткен.  Сәуір айында осыны айтып, талай арыз бен шағым жазып келдім. Мектептің ішін тексеру енді ғана басталды. Сосын «Декор» ЖШС қызметкерлері келді де, жөндеу жұмыстары толық аяқталды дегендей түр жасап қойды. Ал, шындығында, жөндеу аяқталған жоқ.  Мектеп директорының өзін жемқорлыққа тексеру қажет деп санаймыз. Ол мұғалімдерге 18-20 сағаттан жүктеме береді, оларға қосымша жұмыс артады, ал ақшасын өзі алады. Мысалы, кей қызметкерлерді жұмыс істемей тұрған зертханаларға жауапты етіп бекітіп қойған. Бізде өзі сондай сыбайласқан «бастықтар» мен «ұйымдастырушылар» көп. Директор ай сайын қосымша үстемеақы алады. Оның бәрін арнайы блокнотқа жазып жүрген куәгеріміз бар, түсірген суреттеріміз де бар. Мен өкілетті органдарға мұның бәрін жаздым», – дейді Жұмабаева.

        Ал директор болса өзіне қарсы айтылып жатқан бұл айыптаулардың бәрін жоққа шығарып отыр: «Спортзал еденіндегі тесіктерді бітеген адам денешынықтыру пәнінің мұғалімі еді. Ол бұл жұмысты өз еркімен атқарған. Күрделі жөндеу былтыр аяқталды. Алайда жөндеу жұмыстарының кейбір кемшіліктерін тапсырысты орындаған компанияның келісімімен 24 айдың ішінде жоюға болады. Бұл жайында «Декор» ЖШС-іне бірнеше хат жолданды. Қазір кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде. Ал мені жемқорлықпен айналысады деп айыптап жатқаны – көпе-көрінеу жала жабу. Бірақ қазір тексеру жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеген екен мектеп директоры Айнұр Салықова.

       Жергілікті білім басқармасының басшысы Фаруза Шангерееваның сөзінше, қазір Атырау облысы бойынша ішкі аудит департаменті онлайн режимінде келіп түскен шағым бойынша бұл мектептің мәселесін тексеруде. Енді жағдайдың немен аяқталатынын көрейік.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02