Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

05.08.2022, 09:24

1054

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін жою- жастар саясатының маңызды міндетіне айналып отыр. Экономикадағы тұрақсыздық, инфляция деңгейінің тоқтаусыз өсуі, әлеуметтік осал топтардың артып келе жатқаны, қоғамның белсенді топтарына едәуір кері әсерін тигізіп тұр. Тұрмысты  көтерудің тетігі — жастарды жұмыспен қамту. Жас буынның  жағдайын жасау мақсатында, осы бағыттағы түрлі республикалық  бағдарламалардан тыс, өңірлік сипаттағы шаралар қолға алынуда. Атап айтқанда,  Қарағанды облысында  «2020 жылға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі  ұлттық жоба аясында  аймақта 10 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.  Биылғы шілде айындағы ресми  көрсеткіш бойынша облыстағы жұмыспен қамту мекемелеріне  5437  тұлға жүгініп, оның 3412-сі еңбекке орналасқан.

— Қолда бар мәлімет бойынша,  осы уақыт аралығында  157 жас еңбек нарығына қажет мамандық бойынша кәсіби білімін көтеруге  жіберілді. Бұл дегеніміз- меженің 105 пайызға орындалғаны деген сөз. Ал, әлеуметтік жұмыс орындарына  бағытталған 120  жастың барлығы бүгінде  еңбек нарығында жүр.  Бұдан бөлек, қоғамдық жұмысқа 1428, жастар практикасын бойынша  248, «Бірінші  жұмыс орны» жобасына 101,  «Ұрпақтар келісімшарты» бойынша 13 адам кәсіпке тартылды. Бос жұмыс орындарына ваканция  негізінде 3101  жас жұмыс тапты,-дейді  облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарамасының басшысы Біржан Әлімжанов.

Аймақтағы кәсіпорындар мен бизнес нысандарына жастарды орналастыру жүйелі қолға алынған. Айталық, «Саран»  индустриялық  аймағындағы  ірі заманауи өндіріс ошағында 2136 жұмыс орыны ашылды. Биыл жыл аяғына дейін шина шығаратын зауыт қатарға қосылмақ.  Жоспар бойынша, аталған кәсіпорынға 757 жас маманды  жұмысқа алу көзделген.  Оның сыртында, 120 жас қазіргі кезде  Татарстанда тәжіребиеден өтіп жатыр.  Өңір жастарын бизнеске тарту қағидалары да,  қалыс қалмауда. Осы орайда, олардың бизнес жоспарына гранттар бөлу тәжіребиесі енгізілген. Соңғы екі жылдың  ішінде жарты миллиардтан астам қаражат бағытталған. Таратып айтсақ, 2020-жылы — 235 млн теңге, 2021 жылы — 279 млн теңге бөлінген.  Биылға жоспарланған гранттың жалпы  көрсеткіші 334 млн теңгені құрап отыр.

— Нәтижелі межеге сәйкес, жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту  бағыты бойынша жастармен жұмыс тұжырымдамасы әзірленді. Ол бойынша,  қалалар мен аудандарда NEET санатындағы бойынша жастардың дербес тізімін өзектендіру жүргізілуде,- дейді Біржан Нұржанұлы.

Жастар басқармасы  ұсынған жобалар бойынша  үйлестіріліп жатқан барлық шаралар аймақтағы жастар жұмыссыздығын азайтуға ықпал етеді.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:51
Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзаруы мүмкін
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:11
ШҚО тұрғындары ауыл әкімін сайлау әділетсіз өтті деп шағымдануда
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49