«Жүрсін Ерман қазақ пен қырғыздың арасын бөліп жүр»

23.09.2019, 16:48

9

Жақында Қазақстанда өткен айтыстабағын сынаған қырғыз ақыны Жеңісбек ЖҰМАҚАДЫР жарым финалға дейін жете алмай, ЖүрсінЕРМАН оған «300 мың теңге бұл қырғыздар үшін үлкен ақша» деп, жүлде тапсырған екен.Жүрсін Ерманның осы бір сөзі айырқалпақты ағайындарға ұнай қоймапты. Қырғыз Жоғарғы кеңесінің депутаты, «Айтыс»қоғамдық қорының құрылтайшысы Садық ШЕР-НИЯЗ әлеуметтік желідегі өзпарақшасында Жүрсін Ерманға жауап қайтарды.

«Жақында бір тойда Жеңісбек ақынға жолығып қалдым. Жадырап-жайнап,шұрқырасып амандастық. «Қазақстанға барып келіпсің, қалай болды?» деп сұрапедім, жүзі сұр бұлттай түнеріп кетті. «Жарым финалға да шығарған жоқ», деді.Сосын Жүрсін Ерман бәйгесін беріп жатып «300 мың теңге бұл қырғыздар үшін үлкенақша» деп айтты" деді. Жеңісбектің бұл әңгімесіне мен де ызаланып қалдым. Есімебір жағдай түсті, 2003 жылы Астанада өткен бір айтыста да Жүрсін Ерман дәл осылайшақырғыз бен қазақ ақындарының арасына сына қаққаны бар еді. Мұндай жағдайақындарымыздың арасын бұзады ғой.

Өз басым Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, Әбіш КЕКІЛБАЕВ сияқты ақсақалдарды,өле-өлгенше «айналайын» деп өткен Фариза ОҢҒАРСЫНОВАНЫ өте қатты сыйлаймын,құрметтеймін. Бұлар екі елдің ынтымағын ойлап жүрді. Құдайға шүкір, Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ,Мұхтар ШАХАНОВ ағаларымды көргенде шер тарқатып, ағыл-тегіл әңгімелесіпқаламын. Асанәлі ӘШІМОВ, Нұржұман ЫҚТЫМБАЕВ ағаларымызды көргенде бір-біріміздіарқа-жарқа құшақтай жөнелеміз. Сатыбалды НАРЫМБЕТ, Ермек ТҰРСЫНОВ, Қанат ТӨРЕБАЙ,Дәрежен ӨМІРБАЕВ достарымның қазақ-қырғыз дегенде жүректерінің ақ екенінежелден білемін. Бірақ, Жүрсін Ерманның жүрегі ағармады. «300 мың теңге бұлқырғыздар үшін үлкен ақша» деп тауып айтқан сөзін қарасаңызшы… Мәселе ақшадама екен, мәселе ақынның көңілінде емес пе? Мәселе абырой мен ар-намыста екеніносыншама жылдардан бері түсінбеген Жүрсін Ерман енді түсінеді деп ойламаймын.Ақындар екі елді біріктіріп, ең алдымен ынтамақты ойлап жүруі керек. Жарықтық, бірүш тиын бергенін міндетсініп, лайға аунатып, бұл жолы да бүтін нәрсені жарыпберіпсіз.

Сіз қырғыз-қазақтың достығын бұдан кейін де түсінбейтін сияқтысыз, мен солүшін осыны жазып отырмын. Тәуелсіз тарихымызда бір туған екі елді бөліп-жарыпжүргендер кім десе, тайынбастан бірінші қатарға сізді қояр едім. Егер бергентиыныңыз көп болып көрінсе, «Айтыс» қорынан екі есе қып қайтарып, есеп-шотыңызғасалып жіберуге болады. Тек қырғыздың ар-намысы ақшамен ғана шектелмейтінінбіліп жүрсеңіз болғаны. Сіз осындай әрекеттеріңіз арқылы қазақ ақындарыныңарасын да ойран қылып аласыз ғой деп болжап отырмын.


Қырғыз ақындарына айтарым, салт-дәстүрді, қадыр-бақты, дәулетті қадірлейбілмеген Жүрсін Ерман айтысқа шақырса, бармай-ақ қойыңдаршы, алтындарым.Бәрібір ол сіздердің қадірлеріңе жетпейді, одан да өзіміздің ақиқат, әділайтысымызды өткізіп, бір туған екі елдің ынтымағын шыңдай берейік», — деп жаздықырғыз депутаты өз фейсбукпарақшасында.  

Фото: halyq-arna.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2020, 10:16
"Арзанның сорпасы татымас"
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:51
Қазақстанда қандай қылмыс жиі жасалынады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.09.2020, 09:34
«Бесоба» синдромы сабақ болмады ма?!
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 11:05
МӘМС аясында қандай медициналық көмекке жүгінуге болады

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27