10.01.2020, 07:27
53
Солтүстік Қазақстаноблысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары аса ірі көлемде қаржы жымқыру ісібойынша күдікке ілікті.
Облыстық жемқорлыққақарсы іс-қимылдар агенттігінің басшысы Ернар Баянғазиннің сөзінше, бюджеттен500 миллион теңге жымқырылған.
«Қаржыға байланысты айтатын болсам, мәселе жарты миллиардтеңге төңірегінде болуда. Қазір аталмыш қаржы бюджетке қайтарылды.Күдіктілердің аты-жөнін әзірге айта алмаймыз. Іс сотқа жіберілді», — дедіБаянғазин.
Баянғазинніңайтуынша, егер күдіктілердің қылмысы дәлелденетін болса, онда басқармабасшылары 10 күн ішінде өз еркімен отставкаға кетуі керек.
Естеріңізгесалайық, қараша айында президентҚасым-Жомарт Тоқаев өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «мемлекеттікқызметкерлер және жемқорлықпен күрес» жөніндегі заңға қол қойған. Жаңа заңбойынша, бұдан былай басшылық қызметте отырған шенді қарамағындағы адамжемқорлық бабымен ұсталып, істі болатын болса, автоматты түрде отставкаға кетуітиіс.
Фото: Әлеуметтік желіден.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР