Пентагон басшысы әскердің күшімен наразылықты басу туралы талаппен келіспеді

04.06.2020, 21:19

6

АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер бір аптадан астам уақыт жалғасып жатқан наразылықты әскердің күшімен басу жөніндегі талаппен келіспейтінін жеткізді. Қарусыз афроамерикалық жігіттің ақ нәсілді полиция офицері ұстаған соң көп ұзамай қаза болуы АҚШ-ты дүр сілкіндіріп, ізінше наразылық тұтанған еді. АҚШ президенті Дональд Трамп шеруді басу үшін және тәртіп орнату үшін әскер қолдану керектігін айтқан.

Марк Эспердің сөзіне қарағанда, президентке әскерді қолдану құқығын беретін 1807 жылы қабылданған заң тек өте қауіпті жағдайға арналған. Ал қазір АҚШ-та жағдай ондай күрделі емес. Оның айтуынша, мұндай жағдайда азаматтық билікке төтенше жағдай кезінде қолданылатын арнайы күш — ұлттық гвардияның жәрдемі жеткілікті.

Пентагонның қазіргі және бұрынғы басшылары да Трамптың наразылықты басуға әскерді тарту туралы талабымен келіспейтінін айтқан.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тағы жағдай неге ушықты? Нәсілшілдікке қарсы бүлік жиі бола ма?

Кей жерде тәртіпсіздік пен бүлікке айналған АҚШ-тағы жаппай наразылық кезінде кемінде 11 адам қайтыс болған, ондаған адам зардап шеккен. АҚШ-тың 40 қаласының билігі коменданттық сағат белгіледі. Вашингтонға қосымша 1,5 мың сарбаз жіберілді.

Миннеаполисте 4 маусымда Джордж Флоймен қоштасу рәсімі басталады. Шара 6 күнге созылады.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27