Министр: Қазақстанда коронавирус жұққан 37 науқас басқа аурудан қайтыс болған

04.06.2020, 21:05

14

Қазақстанда коронавирус жұққан 37 науқас басқа аурудан қайтыс болды. Бұл туралы 4 маусым күнгі онлайн брифинг кезінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады. Министр елде коронавирусқа байланысты мәлімет жасанды түрде азайтылмауын мұқият қадағалаймыз деді.

— Коронавирустан қайтыс болған 48 адамнан бөлек тағы 37 адам басқа аурудан қайтыс болған. Бірақ оларда коронавирус инфекциясы ілеспе ауру түрінде кездескен. Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі бойынша [адам өлімін] тіркейміз. Инфекция науқастың тыныс алу жүйесін, пневмонияны асқындырып, оның өлімінің тікелей себебі болса, мұндай жағдайда бұл науқас коронавирустан қайтыс болды деген шешім қабылдаймыз. Ал егер науқас миокард инфарктынан, ауыр жарақаттан қайтыс болса, әрине мұндай жағдайда негізгі диагнозы негізгі болып қалады, — деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанда коронавируспен байланысты адам өлімі 0,4 пайызды құрайды. Бұл өзге елдермен салыстырғанда төмен көрсеткіш.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирустан барлығы 48 адам қайтыс болған. Соңғы екі аптада коронавирустан көз жұмған адамдар туралы ресми дерек пен вирус жұқтырғандар зиратына жерленгендер саны арасында айырмашылық бары туралы айтыла бастаған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирустан 37 адам қайтыс болған. Шын мәнінде одан көп пе?

Министрлік коронавирус жұққан бірақ басқа аурудан қайтыс болғандар саны туралы мәліметті алғаш рет айтып отыр.

Министрдің сөзіне қарағанда Қазақстанда коронавирус жұққан 12 124 науқас анықталған. 6 288 адам жазылған, қазір 5836 адам емделіп жатыр. Науқастардың 77 пайызында ауру белгілері жоқ.

59 науқастың жағдайы күрделі. 24 адам жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр. 10 пайызы немесе 600-ге жуық науқастың жағдайы — орташа.

Біртанов халықаралық тәжірибені ескере отырып, бұдан былай ауру белгілері байқалмаған бірақ COVID-19 диагнозы анықталған науқастар үйде емделетінін айтты. «Ең бастысы науқастарды уақытында анықтау және емдеу» деді министр.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27