"Жәйремдегі кикілжің": Екі тұрғынның бас бостандығы шектелді

05.06.2020, 12:38

3

Қарағанды облысы Қаражал қаласының соты осы апта ортасында «Жәйремдегі кикілжіңге» байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша үкім оқыды. Былтыр тамыз айында Жәйрем тау-кен комбинатында болған кикілжің кезінде шетел жұмысшылары — Түркия азаматтары зардап шеккен еді.

Сот «бұзақылық» және «тонау» баптары бойынша айыпталған Жәйремнің екі тұрғыны 27 жастағы Жансерік Нысанов және 25 жастағы Жасұлан Досбергеновтің әрқайсысының бас бостандығын 3,5 жылға шектеді.

Істі судья Дәурен Қойшыбаев қарады. Сот үкімінде айыпталушылардың «бұзақы әрекетінің» кесірінен жұмысшылар кеңсесіне бірнеше миллион шығын келгені жазылған. Айыпталушылар кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге келген.

Бұған дейін Азаттықтың ресми сауалына жауап берген Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл іс бойынша 18 күдіктінің бар екенін айтқан болатын. Олардың барлығы — Жәйрем тұрғындары. Бірақ бұл іс бойынша Нысанов пен Досбергеновтен басқа күдіктінің аты-жөндері ресми түрде айтылмады. Жәбірленуші ретінде 18 адам танылған.

Былтыр тамыз айында Жәйрем тау-кен комбинатында болған кикілжің кезінде бірнеше шетел жұмысшысы жарақат алған. Жергілікті билік олардың «жеңіл жарақаттанғанын» айтты. Полиция оқиғаны «тұрмыстық жанжал» деп атады.

Сот үкіміне сәйкес, кикілжіңге шетел азаматының WhatsApp мессенжерінде азиат тектес қыздың жалаңаш түскен суретін жариялауы себеп болған. Суретке Жәйрем туралы екіұшты сипаттама жазылған. Кейбір жергілікті тұрғындар мұны әйелге «зорлық көрсету» деп бағалаған.

Сол кезде жарияланған видеолардың бірінде комбинат маңында жұмыс формасы мен каска киген ондаған адамның жүргені көрінген еді. Видеода сынған терезелер, шашылған заттар байқалған. Видео түсіріп тұрған адам терезені өрт сөндіргіш құралмен сындырғанын айтқан. Тағы бір видеода он шақты жеңіл көліктен шыққан ер адамдардың жылдам басып, жұмыс объектісіне бара жатқаны көрінеді. Видеоны түсіріп тұрған адам «Жәйрем жастары комбинатқа басып кірді» дейді.

Жәйремнің кейбір тұрғындарының пікірінше, наразылыққа тұрғындардың әлеуметтік жағдайының нашарлығы, ауылдағы жұмыссыздық себеп болған.

2019 жылы маусым айында осыған ұқсас оқиға Атырау облысындағы Теңіз кенті жұмысшылары арасында болған еді. Жанжалдан кем дегенде 40 адам зардап шеккен. Жанжалдан кейін төбелеске шын мәнінде жергілікті және шетел жұмысшылары арасында еңбек жағдайының бірдей болмауы себеп болды деп айтылды.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27