COVID-19: Дәрігерлік кеңестер

05.06.2020, 12:55

6

СOVID-19: Пандемия кезінде ТШОкомпаниясының Атырау және Маңғыстау облыстарындағы денсаулық сақтау саласындағыекі жобасының жұмысы қалай өзгерді?

Карантин коронавируспен күресжәне елдегі қазіргі ахуал дәрігерлердің қайта икемделуіне, үздіксіз білімалуына және виртуалды режимге өтуіне ықпал етті. Бұл жағдай «Теңізшевройл» компаниясықаржыландыратын Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығының (ҚОДҚ) Атыраужәне Маңғыстау облыстарындағы жобаларына әсер етпей қоймады.

 

Осы жобалардың мақсаты алғашқымедициналық-санитарлық көмекті нығайту және дамыту арқылы медициналық көмектіңсапасын жақсарту, жүрек-қан тамыры мен басқа да созылмалы ауруларды ертеанықтау және емдеу арқылы ауыр асқынулар (инфаркт және инсульт) деңгейінтөмендету, сонымен қатар науқастардың білімін, емделуге ұмтылысын және аурудыбақылау қабілетін жақсарту болып табылады.

Тұрғындарға онлайн режимде кеңесберу

Карантин кезінде оқытушы дәрігерлерсынамалы ұйымдарға барып, науқастарды қабылдай алмайды. Дәл осы себепкебайланысты ҚОДҚ өзінің парақшасында Қазақстанның барлық тұрғындарына арналғанвиртуалды кеңес беру бөлімін ашқан. Күн сайын, аптасына 7 күн, сағат 9-данкешкі 18-ге дейін ҚОДҚ мамандары барлық көмекке жүгінгендерге кеңес беріпотырады. Екі ай карантин кезінде 16 наурыз бен 16 мамыр аралығында 817қазақстандық көмекке жүгініп, оның ішінде 562-і толық кеңес алды, яғни оларғақаралу және емделу бойынша ұсыныс берілді.
Көмекке жүгінгендердің географиясы өте кең ауқымды қамтиды:Маңғыстау және Түркістан облысының тұрғындары, Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Астана,Теміртау, Талдықорган, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Аягөз, Атырау,Құлсары, Сарыағаш, Қарағанды, Орал, Қостанай қалаларының тұрғындары кеңескежүгінген. Кеңес алушылардың басым бөлігі ауыл тұрғындары болды. Әйелдертарапынан кеңес алушылар көп болды, әсіресе олардың арасында денсаулығымен байланыстыауыр проблемалары бар көп балалы аналар бар. Көмекке жүгінудің негізгісебептері асқынған аурулар емес, созылмалы ахуалдар болған. Олар өздеріне,балаларына, ата-аналарына, жолдастарына, жалпы бүкіл отбасы үшін кеңес алған. 10 реттен аса жазғаннауқастар да болды.

Резиденттермен виртуалды жұмыс

2020 жылы наурызда Оспанов атындағы БҚМУ-дың үш резидентінен құралған соңғытоп Құлсары қаласындағы емханада ҚОДҚ оқытушысы м.ғ.к. А.А.Егембердиеваныңжетекшілігімен тәжірибеден өтіп, Ақтөбеге оралды. Содан бері дәрістер онлайнрежимде Telegram Messenger, Zoom және Cisco бағдарламалары арқылы өтіп жатыр.Мысал үшін, 14-15 мамырда ҚОДҚ оқытушылары Дүниежүзілік отбасылық дәрігеркүніне арналған студенттік конференцияда баяндама жасады.

Facebook және Instagram-ның ҚОДҚ парақшаларындағы тұрғындарға арналғанбейне баяндар мен жазбалар

 

Карантин кезінде Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегіпарақшаларда ақпараттандыру жұмысы күрт артты. Әртүрлі өзекті клиникалықпроблемаларды қозғаудан бөлек, коронавирус инвекциясы бойынша соңғы деректертұрақты түрде жарияланып тұрды. Мәселен, 22 сәуір мен 19 мамыр аралығындажазбаларды 600 мыңнан аса қолданушы көрсе, 6 мыңнан астамы оған үн қатты.
Осылайша, Facebook және Instagram парақшаларында жазбалар саны көбейгеніменқатар, қолданушылар / оқырмандар саны карантинге дейінгі көрсеткіштен артты.
Instagram желісіндегі «Зертте» парақшасында Атырау және Маңғыстау облыстарыныңбалалары, ата-аналары және мұғалімдеріне арналған белсенді жұмыс жалғасынтабуда.
ҚОДҚ парақшасында Қазақстанның дәрігерлерін KAFPConnect бойынша оқыту

Карантин кезінде KAFPConnect (Канзас отбасылық дәрігерлер қауымдастығы)дәрігерлерімен жұмыс жанданды. ҚОДҚ қызметкерлері отбасылық медицина бойыншаАмерикандық кеңестің емтихандары (ABFMExamPrep) үшін клиникалық тапсырмалардыаударып, бейімдеуде. Telegram Quiz функциясын қолдану арқылы дәрігерлердіңбілімін ерікті түрде сынау және жауап нұсқаларын талқылау өткізіліп жатыр.
Орталық Азияға арналған Adamdar/CA (Адамдар) бұқаралық жобасымен бірге«COVID-19: дәрігерлердің сөзі» атты қарапайым виртуалды кітапша әзірленді.
Дәрігерлер үшін бейне баяндарды, жазбаларды және мәтіндерді әзірлеп, олардыағылшын тілінен орыс және қазақ тілдеріне аударуға көп уақыт жұмсап, қыруаржұмыс талап ететінін атап өткен жөн. Бір бейне баянды жазу үшін өзіміз көптегенвебинарларда оқытудан өтіп, алдыңғы қатарлы медициналық журналдардағы ғылымимақалаларды оқып, дәрігерлер әрі тұрғындар үшін аударып, бейімдеуіміз қажет.Бұл ретте барлық қызметкерлер дәлелді медицинаның қағидаларын қолданып, әрқашанғылыми негізделген фактілерді келтіреді және жалған сенімдермен күресіп,байбаламға жол бермеуге септігін тигізеді.
Осылайша, пандемия және онымен байланысты карантин ТШО қолдауымен жүзеге асыпжатқан ҚОДҚ-ның екі әлеуметтік жобасын орындауға үлкен әсерін тигізді. ҚОДҚ-ныңаудандарға барып, медициналық қызметкерлерге, тұрғындарға және балаларғатікелей көмек беретін мүмкіндігі жоқ. Дегенмен әлеуметтік желілердің жақсыдамуы және Қазақстандағы интернеттің ең алыстағы қолданушыларға қол жетімдіболуы, ҚОДҚ-ның етек-жеңін түріп, жұмыс сипатын өзгертуіне түрткі болды.Сонымен қатар ол Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарымен өзара жұмысжүргізудің жаңа белестерін ашып, еліміздің барлық тұрғындарын қамтитынгеографиясын кеңейтіп, оларға қолдау көрсетуге себеп болды.
Нұғманова Д.С., Игілікова Д.Н.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

03.08.2020, 15:22
Індеттің шарықтау шегі артта қалды,-Цой
29.07.2020, 12:47
Қазақстанда тағы 208 адам коронавирустан қайтыс болды
27.07.2020, 13:02
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 83 мыңнан асты
25.07.2020, 14:15
Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 80 мыңнан асты
22.07.2020, 19:41
Алматыға 34 тонна ковидке қарсы препараттар жеткізілді
21.07.2020, 12:41
"Коронавирус болу" деген не?

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27