Митингілер қарсаңында бас прокуратура тағы ескерту жасады

06.06.2020, 02:59

6

Оппозициялық ұйымдардың 6 маусымға жоспарланған митингілері қарсаңында бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев шараны заңсыз деп атап, жұртты наразылыққа шықпауға шақырды.

Жұма күні жарияланған прокуратура мәлімдемесінде 6 маусымнан бастап елде «Бейбіт жиын туралы» заң күшіне енетіні жазылып, онда митинг, шеру өткізу тәртібі түсіндірілген. Халықаралық ұйымдар мен жергілікті құқық қорғаушылар өткір сынаған бейбіт жиын туралы заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айының соңында қол қойған еді.

Қазақстан бас прокуратурасының сайтында жарияланған Дембаев мәлімдемесінде 6 маусымға белгіленген митингі заңсыз, ал оған қатысу әкімшілік жазаға әкелуі мүмкін делінген.

Бұған дейін тіркелмеген «Демократиялық партия» және шетелде тұрып жатқан экс-банкир, оппозициялық саясаткер, билікті сынаушы Мұхтар Әблязов жақтастарын 6 маусымда митингіге шығуға шақырған.

Митингілер қарсаңында әр аймақта белсенділерге қысым күшейіп, ұстала бастаған.

Қарай отырыңыз: Митинг қарсаңында белсенділер ұсталды, кейбірі әскерге шақырылды (4 маусым 2020 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Митинг қарсаңында белсенділер ұсталды, кейбірі әскерге шақырылды» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Митинг қарсаңында белсенділер ұсталды, кейбірі әскерге шақырылды please wait <video poster=«gdb.rferl.org/07084146-fa8e-4ab0-be31-4c10ada47c4b_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2020/06/0/07/07084146-fa8e-4ab0-be31-4c10ada47c4b,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/0/07/07084146-fa8e-4ab0-be31-4c10ada47c4b.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/0/07/07084146-fa8e-4ab0-be31-4c10ada47c4b_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/0/07/07084146-fa8e-4ab0-be31-4c10ada47c4b_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/0/07/07084146-fa8e-4ab0-be31-4c10ada47c4b_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/0/07/07084146-fa8e-4ab0-be31-4c10ada47c4b_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/0/07/07084146-fa8e-4ab0-be31-4c10ada47c4b.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/0/07/07084146-fa8e-4ab0-be31-4c10ada47c4b.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/0/07/07084146-fa8e-4ab0-be31-4c10ada47c4b_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/0/07/07084146-fa8e-4ab0-be31-4c10ada47c4b_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«480p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/0/07/07084146-fa8e-4ab0-be31-4c10ada47c4b_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/0/07/07084146-fa8e-4ab0-be31-4c10ada47c4b_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30652820&SiteId=5&r=1520253185&it=0&pd=20200604132600» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title=«Митинг қарсаңында белсенділер ұсталды, кейбірі әскерге шақырылды»> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Митинг қарсаңында белсенділер ұсталды, кейбірі әскерге шақырылды
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30652820.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:03:03 0:00 Жүктеп алу

Халықаралық ұйымдар сынаған бейбіт жиын туралы жаңа заңға сәйкес, митинг, шеру ұйымдастыру үшін азаматтар 5-10 күн бұрын жергілікті билікке өтініш түсіріп, хабарлама жіберуі тиіс. Жиын алдын ала белгіленген орындарда өтуі керек. Кездейсоқ акцияларға тыйым салынған. Билік әдетте рұқсат берілмеген митингінің бәрін «заңсыз» деп тауып, қатысушыларын ұстайды және жауапқа тартады.

Мамыр айының соңында халықаралық Human Rights Watch (HRW) адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстанда бейбіт жиын туралы жаңа заң қабылданғанмен еркін жиналу құқығы шектеулі күйде қалды деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: «Баяғы шектеу, болмашы өзгеріс». Митинг туралы жаңа заңды сынаушылар көбейді

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34