Қазақ-қырғыз шекарасында 300-400 жүк көлігі кептелісте тұр. Қырғыз вице-премьері шағым айтты

06.06.2020, 02:59

4

Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Ақ тілек» бақылау өткізу пунктінде бірнеше күннен бері 300-400 жүк көлігі кептелісте тұр. Бұл туралы Қырғызстанның вице-премьері Эркин Асрандиев мәлімдеді. Көлік кептелісінің ұзындығы шамамен он шақырымды құрайды.

"Қазақстанмен шекарада ұзақ уақыттан бері қиындықтар бар. Былтырдан бері жағдай нашарлады. Соңғы апталарда тіпті ушығып кетті. Қазір 300-400 көліктің кептелісте тұрғанына бірнеше күн болды" деді вице-премьер Эркин Асрандиев.

Ол Қазақстан жағының көліктерді өте баяу өткізіп жатқанын айтқан.

«Мен Қазақстаннан Қырғызстанға жүргізушілерді өткізу тәртібімен танысып шықтым. Төлқұжат бақылауы, медицина қызметкерлерінің анкеталық дерек жинауы, вирустың бар-жоғын тексеру үшін анализ тапсыру және әрі қарай жүк тасымалдаушы Қырғызстан аумағында тест нәтижесін күтеді. Елден шығу тәртібі де қиын емес. Ал қазақ жағында бәрі ақырын жүріп жатыр» деді Асрандиев.

Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қазақстан аумағына өту мамыр айында қиындаған. Жүргізушілер аптап ыстықта тауарларын (арасында жылдам жарамсыз болып қалатын тауарлар да бар) аман-есен жеткізу жолын іздеп жатыр.

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанға қазір тек екі бақылау өткізу пункті арқылы (жалпы он шақты пункт бар) ғана өтуге болады: «Ақ тілек» және «Чон-Капка». Бұл да кептелістің пайда болуына әсер етеді. Қазақстанға өтетін жүк көліктері дезинфекцияланып, жүргізушілер коронавирусқа тест тапсырады.

Эркин Асрандиев қырғыз билігінің ЕАЭО деңгейінде мәселені шешуге тырысып жатқанын айтқан.

Әзірге Қазақстан жағы түсініктеме берген жоқ. Ресми БАҚ-тың хабарлауынша, 2020 жылдың басында қырғыз тарабы Дүниежүзілік сауда ұйымына қайрылып, Қазақстанмен шекарадағы заңсыз тексерістерге шағымданған. Ал Қазақстанның мемлекеттік кіріс комитеті қырғыз тасымалдаушыларының құжаттарында тауар бағасы жиі дұрыс көрсетілмейтінін, Ресейге тасымалданады делінген тауарлардың Қазақстанда қалып қоятынын айтқан.

Оқи отырыңыз: Қазақстан "Қытайдан келетін заңсыз тауардың көбейгенін" Бішкектен көреді

Қазақ-қырғыз шекарасында көлік кептелісі жиі болып тұрады. Былтыр Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеттерінде бірнеше рет көлік кептелісі пайда болып, жүздеген көлік тұрып қалған. Бішкек «шекарадағы тексеру Еуразия экономикалық одағының талаптарына қайшы» деп мәлімдеді. Нұр-Сұлтан мұны жоққа шығарған.

Видео: Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай. (28 мамыр 2020 жыл. Орыс тілінде).

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16