Алматы тұрғыны жануарларды қорғайтын заң қабылдауды талап етіп, пикетке шықты

06.06.2020, 02:59

7

5 маусымда алматылық журналист Әйгерім Тілеубаева иттерді қорғауға шақырып, қалалық әкімдік ғимараты алдында жалғыз адамдық пикет өткізді. Ол бұған кейінгі кездері әлеуметтік желіде итті қинап, қорлаған бейнежазбалардың жиі тарауы әсер еткенін айтады.

— «Жануарларға жауаптылықпен қарау туралы» заң жобасының өтпей қалғанына байланысты наразылығымды білдіргім келді. Қазақстанға жануарларды қорғау туралы заң ауадай қажет. Бұл туралы біраз уақыттан бері айтып келеміз, — дейді Тілеубаева.

Ол мемлекет халықаралық актілерге қол қойғандықтан осы заңды қабылдауы тиіс дейді. Оның қолында «Жануарларды қорғау туралы» заң керек. Ит — ырыс" деген жазуы бар плакат болды.

Пикет таңғы сағат 10-да басталып, екі сағатқа созылды. Әкімдік қызметкерлері пикетке рұқсат алынбағанын айтып, ескерту жасап кетті.

Былтыр жануарларды қорғайтын еріктілер жаңа заң қабылдау қажеттігі туралы онлайн петиция жариялап, оған мыңдаған адам қол қойған. Тілеубаева көптің пікірін әкімдік, үкімет естігенін қалайды.

«Бұл наразылықтан нәтиже шығуы керек» дейді ол.

Жақында әлеуметтік желіде Атырау облысының тұрғыны итті қинап, тұншықтырып жатқан видео тараған. Кейін облыстық полиция департаменті күдіктінің анықталып, ұсталғанын хабарлады. Алайда оның қандай жазаға тартылғаны белгісіз.

— Қылмыстық кодексте «Жануарларға қатыгездік жасау» бабы бар. Бірақ бұл бап қарастырылмайды. Себебі итті өлтірсе ғана, қатегіздік деп таниды. Осындай адамдар бүгін итті қинаса, ертең отбасын, әйелін ұрып-соқпайды дегенге сенбеймін. Оларды жазалау қажет, — дейді пикетке шыққан азамат.

Қазақстанда жануарларды қорғауға бағытталған арнайы заң қабылданбаған. Кейінгі жылдары еріктілер мен белсенділер парламент депутаттарына бірді-екілі заң тұжырымдамасын ұсынған.

Былтыр француз актрисасы, танымал табиғат қорғаушысы Бриджит Бардо Қазақстанның батыс өңірінде қаңғыбас иттерді тірідей өртейтінін айтып, араша сұрап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазған.

Оқи отырыңыз: «Ит Освенцимі». Қазақстанның батысындағы иесіз жануарлардың аянышты жағдайы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39