05.06.2020, 10:28
72
Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерікоронавирустық індет кезінде қалада митинг өткізу туралы айтты.
Ол Алматыда тәулігіне 49, ал аптасына 334коронавирус оқиғасы анықталғанын еске салды. Бас санитардың айтуынша, пандемияазайып жатқан жоқ.
«Осыған байланысты, мен жақында әлеуметтік желілердетаралған жаппай шаралар мен митингілерге шақырулардың жол берілмеуіне назараударамын. Мұндай жағдайіндетке байланысты адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жаппай бір жергешоғырлану, митингке шығу бұл індеттің кеңінен таралуына ықпал етеді. Егер мұндай жиындар инфекцияның қатты таралуына әкеліп соқтырса, ондамитинг ұйымдастырушылар заңбойынша, тіпті қылмыстық жолмен жауапқа тартылады », — деді Жандарбек Бекшин.
«Сонымен қатар,масштабты инфекцияның нақты қаупін ескере отырып, мен тиісті қызметтерденбарлық көше мен халық көп жиналатын жерлерді дезинфекциялауды күшейтуді талапетемін. Әр азаматтың денсаулығы мен қаладағы санитарлық-эпидемиологиялықсалауаттылыққа байланысты осындай талаптарды сақтау керек », — деп түйіндеді ол.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР