Facebook мемлекеттік БАҚ жазбаларын ерекшелей бастады

06.06.2020, 02:59

17

Facebook әлеуметтік желісі мемлекет бақылауындағы ақпарат құралдарының жазбалары мен топтарын ерекше белгілей бастайды. Компания хабарламасындағы ақпаратқа сәйкес, кейінірек олардың жарнамалары да айқындалады.

Ресейлік Russia Today, қытайлық ССTV, Синхуа агенттіктерінің Facebook парақшаларында сондай белгі пайда болған. Олардың қатарына Қытай коммунистік партиясының ресми газеті «Женьминь жибао» да кірген.

Мәселен, RT арнасының Facebook парақшасындағы Page Transparency (Парақша ашықтығы) бөлімінде «бұл ақпарат таратушы жартылай немесе толық мемлекет бақылауында. Бұл бірнеше фактормен анықталады, бірақ қаржыландыру, құрылымы немесе журналистік стандарт жағынан шектелмеген» деген жазу тұр.

АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңында мұндай ақпарат құралдарының америкалық қолданушыларға арнап жарнама орналастыруына тыйым салынады. Facebook-тің айтуынша, егер ерекше таңбаға ие болған ақпарат құралы шешіммен келіспесе, оны апелляцияға бере алады.

2017 жылы қараша айында Ресейде шетелден қаржыландырылатын ақпарат құралдарын шетел агенттері деп тануға мүмкіндік беретін заң қабылданған еді. Әділет министрлігі «Америка дауысы», Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының Орыс редакциясын «шетел агенттері» қатарына қосқан.

Тізімге енген ұйымдар белгілі бір уақыт аралығында қаржылық есеп беріп, жазбаларында «шетел агенті» ретінде танылғанын көрсетіп отыруы тиіс. Бұл ережені бұзғандар ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16