Шымкентте полиция 15 шақты белсендіні ұстады, арасында Ерлан Балтабай да бар

06.06.2020, 09:08

42

6 маусымда күндіз Шымкентте полиция «митинг орны» ретінде белгіленген Ордабасы алаңын қоршап, алаңға бара жатқан жолда 15 шақты адамды ұстады. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, адамдар ешқандай ұран көтермеген.

Ұсталғандар арасында кәсіподақ белсендісі Ерлан Балтабай да бар. Ол полиция қызметкері тұрғындардың бірін ұстап жатқан кезде араша түспек болған. Ұсталғандар Абай, Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімшесіне әкетілген.

Оқиға орнында қолшатыр ұстаған белгісіз екі ер адам Азаттық тілшісінің жұмысына кедергі келтірді. Олар журналистің камерасын қолшатырмен жауып, полицияның адамдарды ұстау сәтін түсірткізбеуге тырысты. Бұған қоса, Шымкент қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде істейтін ер адам Азаттық тілшісінің әрекетін үздіксіз видеоға түсірумен болды.

Сенбі, 6 маусымда Шымкенттен бөлек, Алматы мен Нұр-Сұлтанда да полиция «митинг орнында» адамдарды ұстаған. Азаттық тілшілері оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратып жатыр.

Бұған дейін тіркелмеген «Демократиялық партия» және шетелде тұрып жатқан экс-банкир, оппозициялық саясаткер, билікті сынаушы Мұхтар Әблязов жақтастарын 6 маусымда митингіге шығуға шақырған болатын.

Митингілер қарсаңында әр аймақта белсенділерге қысым күшейіп, ұстала бастаған. Бас прокуратура митингілердің заңсыз екенін айтып, жұртты наразылыққа шықпауға шақырған.

Осыған дейін халықаралық ұйымдар Қазақстан билігі карантинді пайдаланып, адам құқығын шектеп жатыр деп мәлімдеген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52