“Төбелес керек пе, төбелесеміз”. Алматыда белсенді Талғат Рысқұлбек митингшілерге кедергі жасады

06.06.2020, 10:10

37

Бүгін, Қазақстанның «Бейбіт жиындар туралы» заңы күшіне енген 6 маусымда Алматы қаласындағы ресми тіркелмеген “Демократиялық партия” мен "Қазақстанның демократиялық партиясы" (Қазақстан соты «экстремистік» деп танып, тыйым салған, ал Еуропарламент «бейбіт оппозициялық ұйым» деп атаған) шақырған наразылық митингісінде «Желтоқсан-86» ұйымының мүшесі Талғат Рысқұлбек дыбыс зорайтқышы арқылы жиын ұйымдастырушысы Жанболат Мамайдың сөзін бөліп, оны “арандатушы” деп атады.

Алматы қаласы әкімдігінің ресми өкілі Айдар Есенбеков “Қолданыстағы заң аясында бүгінгі шараларыңыз заңсыз болып табылады. Сіздер бес күн бұрын өтініш берулеріңіз керек. Сол себепті тарауларыңызды сұраймын. Егер талапты орындамаған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуларыңыз мүмкін” деді.

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы наразылықтан Азаттықтың тікелей трансляциясы:

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«youtube»>

Осыдан кейін өзін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың бауыры деп таныстыратын Талғат Рысқұлбек әкімдіктің тарау жөніндегі талабын қолдап, митингіге келесі жолы шығуға шақырды.

“Мына әкімшілік рұқсат береміз деп жатыр ғой. Беретін болса, бүгін өтініш берейік те, келесі жолы шығайық. Менің бауырым Қайрат құрбан болған. Сондықтан қазір тарқа дей ма, тарқайық бірақ келесі жолға заңды түрде келейік” деді ол.

«Демократиялық партия» жетекшісі Жанболат Мамай мен оның жақтастары биліктің талабы заңсыз деп, митингіні басқа күнге ауыстырудан бас тартты және тарқауға шақырған Рысқұлбектің өзін “арандатушы” деп атады. Жиналғандар Рысқұлбектің дыбыс зорайтқышын тартып алмақ болғанда, оны бір топ жігіт қорғап тұрды.

“Менің қасымда жиырма жігіт бар, төбелес керек пе, төбелесеміз. Мамай провокатор болсам, менімен жеке сөйлес” деді Рысқұлбек.

Талғат Рысқұлбек бейбіт жиынға шығушыларға бірінші рет қарсы шығып тұрған жоқ. 2019 жылы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алу күнінің қарсаңында жиынға шығатындарға “Кекілдерін қайырып, жақтарын айыруға дейін барамыз” деген болатын.

Осыған дейін Азаттық Қазақстан қалаларында митингіге шыққандарды полицияның ұстап әкетіп жатқанын хабарлады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57