"Төбелес керек пе, төбелесеміз". Алматыда белсенді Талғат Рысқұлбек митингіге кедергі жасады

06.06.2020, 17:31

5

Бүгін, 6 маусымда Алматыдағы билікке талап айтқан митингіде «Желтоқсан-86» ұйымының мүшесі Талғат Рысқұлбеков дыбыс зорайтқыш арқылы шараны үйымдастырушы, оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың сөзін бөліп, оны «арандатушы» деп атады.

Сенбі, 6 маусымдағы митингіге елде қызметіне тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Аблязов пен «Демократиялық партия» құруды көздейтін бастамашыл топтың жетекшісі, оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай жұртты 6 маусымда билікке қарсы митингіге шақырған еді. Бұл наразылық шарасы елде Бейбіт митинг туралы жаңа заң күшіне енген күнмен тұспа-тұс келді.

Алматыдағы митингіде қала әкімдігінің ресми өкілі Айдар Есенбеков "Қолданыстағы заң аясында бүгінгі шараларыңыз заңсыз. Сіздер бес күн бұрын өтініш берулеріңіз керек. Сол себепті тарауларыңызды сұраймын. Егер талапты орындамаған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуларыңыз мүмкін” деді.

Осыдан кейін өзін «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың бауырымын» деп таныстыратын Талғат Рысқұлбек әкімдіктің тарау жөніндегі талабын қолдап, митингіге келесі жолы шығуға шақырды.

“Мына әкімшілік рұқсат береміз деп жатыр ғой. Беретін болса, бүгін өтініш берейік те, келесі жолы шығайық. Менің бауырым Қайрат құрбан болған. Сондықтан қазір тарқа дей ма, тарқайық бірақ келесі жолға заңды түрде келейік” деді ол.

«Демократиялық партия» құрғысы келетін бастамашыл топтың жетекшісі Жанболат Мамай мен оның жақтастары биліктің талабы заңсыз деп, митингіні басқа күнге ауыстырудан бас тартты және тарауға шақырған Рысқұлбекті «арандатушы» деп атады. Жиналғандар Рысқұлбектің дыбыс зорайтқышын тартып алмақ болғанда, оны бір топ жігіт қорғап тұрды.

Рысқұлбек «жанында жиырма жігіт барын» айтып, «төбелес керек пе, төбелесеміз» деді.

Сол маңда тұрған полицейлер, арнайы жасақ я әкімдік өкілі белсендінің «төбелесеміз» деген сөзіне қандай да бір реакция білдірген жоқ.

Талғат Рысқұлбек бейбіт жиынға шығушыларға бірінші рет қарсы шығып тұрған жоқ. Былтыр желтоқсанда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алу күні қарсаңында митингіге шығатындарға «Кекілдерін қайырып, жақтарын айыруға дейін барамыз» деген еді.

Бүгін, 6 маусымда полиция митингіге келген ондаған адамды ұстап, наразылыққа келгендерге кедергі жасады. Билік өкілдері, мәжіліс, мәслихат депутаттары келіп, жұртты тарауға шақырды.

Митингіге келгендер несиеге жаппай амнистия жасауды, саяси тұтқындарды босатуды және жерді шетелдіктерге сатпауды әрі жалға бермеуді талап етті.

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы наразылықтан Азаттықтың трансляциясы:

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«youtube»>
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34