Билікті қолдаған Талғат Рысқұлбек елді митингіге шақырған Жанболат Мамайды айыптады

06.06.2020, 14:31

24

6 маусымда Алматыда Абай ескерткішінің жанына билікке талап айтуға жиналған адамдарға барған «Желтоқсан-86» ұйымының мүшесі Талғат Рысқұлбек жұртты шараны үйымдастырушы, оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың сөзін бөліп, оны «арандатушы» деп атады.

Бірін бірі сынап жүрген тіркелмеген екі оппозициялық топ — шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Аблязов басқаратын "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы (Қазақстан соты «экстремистік» деп танып, қызметіне тыйым салған, ал Еуропарламент «бейбіт оппозициялық ұйым» деп атаған) мен «Демократиялық партия» құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі, оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай жұртты 6 маусымда билікке қарсы митингіге шақырған еді. Бұл наразылық шарасы елде «Бейбіт жиын туралы» жаңа заң күшіне енген күнмен тұспа-тұс келді.

Сенбі күні таңертең «митинг орны» ретінде белгіленген Алматыдағы Абай ескерткішінің алдына бармақ болған жұртты полиция алаңға өткізбеді. Қала әкімдігінің ресми өкілі Айдар Есенбеков "Қолданыстағы заң аясында бүгінгі шараларыңыз заңсыз. Сіздер бес күн бұрын өтініш берулеріңіз керек. Сол себепті тарауларыңызды сұраймын. Талапты орындамағандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін” деп ескертті.

Дыбыс зорайтқышпен сөйлеген Талғат Рысқұлбек әкімдік өкілінің сөзін қолдап, жиналған жұртты митингіге келесі жолы шығуға шақырды.

“Мына әкімшілік рұқсат береміз деп жатыр ғой. Беретін болса, бүгін өтініш берейік те, келесі жолы шығайық. Менің бауырым Қайрат құрбан болған. Сондықтан қазір тарқайық, бірақ келесі жолға заңды түрде келейік” деді ол.

«Демократиялық партия» құру туралы бастамашыл топтың жетекшісі Жанболат Мамай мен оның жақтастары биліктің талабы заңсыз деп, митингіні басқа күнге ауыстырудан бас тартты. Олар елді тарауға шақырған Рысқұлбекті «арандатушы» деп атады.

Қасына бір топ адам ерткен Рысқұлбек «жанында жиырма жігіт барын» айтып, «төбелес керек пе, төбелесеміз» деді.

Сол маңда тұрған полицейлер, арнайы жасақ я әкімдік өкілі белсендінің бұл сөзіне ешқандай реакция білдірген жоқ.

Талғат Рысқұлбек бұған дейін де бірнеше жиында билікті сынаушыларға қарсы іс-әрекетімен көзге түскен. Былтыр желтоқсанда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алу күні қарсаңында митингіге шығатындарға «Кекілдерін қайырып, жақтарын айыруға дейін барамыз» деген еді.

Бүгін, 6 маусымда Қазақстанның бірнеше қаласында полиция митингіге келген ондаған адамды ұстап, наразылардың жиын өткізуіне кедергі жасады. Билік өкілдері, мәжіліс, мәслихат депутаттары жиналған жұртты тарауға шақырды.

Митингіге келгендер несиеге жаппай амнистия жасауды, саяси тұтқындарды босатуды, жерді шетелдіктерге сатпауды әрі жалға бермеуді талап етті.

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы наразылықтан Азаттықтың трансляциясы:

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«youtube»>
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42