БҚО-да коронавирустан қайтыс болған әйелде ілеспе аурулар болған

08.06.2020, 03:00

4

6 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысында коронавирустан 68 жастағы әйел адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Қазақстанда ресми түрде осымен 53 науқас коронавирустан көз жұмды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зейнеткер 27 мамырдан бері реанимация бөлімінде жатқан. Денсаулығы нашарлағаннан кейін 30 мамырда жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 3 маусымда қайтыс болған.

«Пациентте ілеспе аурулар болды, орташа дәрежедегі қант диабеті және өзге аурулар. Ауруханаға түскен кезде жөтеліп, демігіп, бас ауруына шағымданған» деді денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Ресми мәлімет бойынша, Батыс Қазақстан облысында 784 адамнан коронавирус табылған, екі науқас қайтыс болған. Өткен аптада Оралда Теңіз кенішінде вахталық әдіспен жұмыс істеген 53 жастағы ер адам коронавирустан қайтыс болды.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирустан 53 адам қайтыс болған. 4 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұққан 37 науқас "өзге аурулардан" қайтыс болды, коронавирус инфекциясы оларда ілеспе ауру түрінде кездескен деп мәлімдеді.

Азаттық тілшілері өткен аптада Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте коронавирустан көз жұмған адамдар туралы ресми дерек пен вирус жұқтырғандар зиратына жерленгендер саны арасында айырмашылық барын анықтаған болатын.

Әлем елдерінің басым бөлігі коронавирус жұққан қайтыс болған барлық науқастарды негізгі статистикаға енгізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай кеңес берген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39