Лондон олимпиадасы. Ресей спортшыларынан 3.3 млн доллар пара алды деген Ламин Диактың соты өтеді

08.06.2020, 23:58

25

8 маусымда Парижде Әлем жеңіл атлетикасы халықаралық ұйымының бұрынғы басшысы Ламин Диактың соты өтеді. Ол Лондон олимпиадасы кезінде Ресей спортшыларының допинг дауын жасыру үшін 3.3 миллион доллардан астам пара алды деп айыпталып отыр.

Прокурорлар Диакққа пара алды және берді, сенімді бұзды және ақшаның ізін жасыруды ұйымдастырды деген айыптар тағып отыр. Сот Диакты кінәлі деп тапса, он жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Допинг дауы Ресей құрамасының 2016 жылғы жазғы олимпида ойындарынан және 2018 жылғы қысқы олимпиада ойындарынан қағылуына әкелді.

7 маусымда 87 жасқа толған Диак ешқандай қылмыс жасамадым деп отыр. Оның адвокаттары тағылған айыптардың негізі жоқ деді. Сот Франция астанасында 18 маусымға дейін жалғасады.

Сенегал азаматы Ламин Диак Әлем жеңіл атлетикасын (бұрынғы атауы – Жеңіл атлеттер федерацияларының халықаралық асссоциациясы) 1999 жылдан 2015 жылға дейін басқарды.

Әлем жеңіл атлетикасы – жеңіл атлетика ойындарының ережелері мен стандарттарын қалыптастырып, әлемдік біріншіліктер ұйымдастыратын ұйым.

Оқи отырыңыз: WADA Ресейді төрт жылға олимпиада мен әлем чемпионатынан шектеді

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04