08.06.2020, 08:21
72
КрематорийАлматының Алатау ауданында салынады деп жоспарлануда.
Алматы әкімдігі крематорий құрылысыныңжобалық-сметалық құжатын даярлауға тендер жариялады.
Техникалықсипаттамасына сай, крематорий бір залдан және екі пештен тұрады. Жобаныңқұжатын әзірлеуге 46,8 млн теңге бөлінген.
Крематорий Алатау ауданындағы мәйітхананыңжаңа ғимаратына жақын жерден салынады, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейінаяқталуы тиіс.
Қазақстандағы крематорий құрылысы туралымәселе 1987 жылдан бері көтеріліп келеді.
Бұған дейін кремация қызметіне жүгінуүшін қазақстандықтар Мәскеу, Челябинск, Барнаул және Новосібірге хабарласатын.Мұндай қызметтің құны көлік түріне қарай 30 мың теңгеден бастап 100 мың теңгегедейін жетеді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР