Qazaqstan арнасының 24 қызметкерінен коронавирус табылды

08.06.2020, 20:30

5

Qazaqstan телерадиокорпорациясының Алматы қаласындағы 24 қызметкері коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін тексеру департаментіне сілтеме жасап, KazTag агенттігі хабарлады.

Агенттік ақпаратына сай, COVID-19 корпорация қызметкерлерінен профилактикалық тексеру кезінде анықталған. Вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдар және Qazaqstan корпорациясымен бір ғимаратта орналасқан “Еуразия” арнасы қызметкерлері тексерілген.

Вирус жұқтырғандардың қаншасы журналист екені белгісіз.

22 мамыр күні Нұр-Cұлтан қаласында бірнеше бұқаралық ақпарат құралы орналасқан “Қазмедиа орталығынан” коронавирус жұқтырғандар анықталып, қатаң карантин тәртібі енгізілген. Орталықта орналасқан “Еуразия” арнасының екі қызметкерінен коронавирус табылған еді.

6 маусым Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли де өзіне коронавирус жұққанын хабарлаған.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда COVID-19 ауруы 12 859 адамнан анықталған. Денсаулық сақтау министрлігі 6 маусымнан бастап, коронавирус жұқтырып, бірақ бойында аурудың белгілері жоқ адамдарды ресми статистикаға қоспайтынын мәлімдеді. Министрліктің айтуынша, елде ауру белгілері жоқ адамдардың саны – 1357.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған алғашқы адам 13 наурызда тіркелген. 7484 адам жазылып шықты. 56 адам коронавирустан қайтыс болды.

Азаттық пен 31 телеарна Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында вирустан қайтыс болғандарды жерлейтін зиратта жерленгендер саны ресми деректегіден көп екенін анықтаған еді.

Осыдан кейін, 4 маусым күні Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған 37 адам "өзге дерттен қайтыс болды" деген. Бұл марқұмдар ресми статистикаға енбеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27