«Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?» оқу бағдарламасы басталады

08.06.2020, 21:20

42

«Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебі праймеризге қатысушыларға арналған «Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?» деп аталатын оқу бағдарламасының басталатыны туралы ақпарат таратты,- деп хабарлайды «Жас Алаш» партияның  Фейсбуктегі  желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 
Құрметті достар! Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылғы 17 тамыз бен 3 қазан аралығында «Nur Otan» партиясының праймеризі өтеді. Оның басты мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарда партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды анықтау. Жаңа форматтағы партияішілік іріктеу партияның әрбір мүшесінің қатысуына мүмкіндік береді. 
Осыған орай «Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебі праймеризге қатысушыларға арналған «Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?» деп аталатын оқу бағдарламасының басталатыны туралы  хабарлайды. 
Егер праймериз жайлы, заманауи ақпараттық болмыс жағдайында жеке имиджіңізді басқарудың негізгі принциптері, саяси қарым-қатынас пен шешен сөйлеу дағдылары туралы жан-жақты білгіңіз келсе, Сіздерді осы оқу бағдарламасына қатысуға шақырамыз.   
Семинарларда белгілі саясаттанушылар, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, психологтар спикер ретінде сөз сөйлейді. Олардың ішінде Ермұхамет Ертісбаев, Айдос Сарым, Расул Жұмалы, Андрей Чеботарев, Саясат Нұрбек және басқалар бар.
Оқыту бағдарламасы онлайн режимде өтетін төрт модульден тұрады.
Бірінші модуль: Партияішілік іріктеу-праймеризін іске асыру механизмі. 
Екінші модуль: Праймеризді өткізудің халықаралық тәжірибесі. Депутаттың биліктегі рөлі мен орны. 
Үшінші модуль: Депутаттың бейнесі. Имидж және мінез-құлықтың тиімді үлгісін қалыптастыру. 
Төртінші модуль: Саяси шешендік.
Интерактивті пікірталас, топтарда практикалық сабақтар және шығармашылық тапсырмалар қарастырылған. Қатысуға ниет білдірген барлық партиялықтар  үшін сабақтар тегін өткізіледі.
Семинарлар ағымдағы жылдың 15 маусымында басталып, 7 тамызда аяқталады және  9.30 – 13.00 сағат аралығында өтеді. 
Толығырақ ақпаратты тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша партияның облыстық филиалынан немесе «Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебінен мына мекенжай бойынша алуыңызға болады: 
Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көшесі, 12/1
тел. +7-7172-707621 
www.spm.nurotan.kz сайты

 info_school@spm.nurotan.kz электронды поштасы

Әлеуметтік желілердегі аккаунттар:  
www.instagram.com/spm.nurotan.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04
  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28