Ұлыларымызды ұлықтайық, батырларымызды ұмытпайық

09.06.2020, 06:12

38

Мектеп – ұлттық рухтың ошағы. Желкілдеп өсіпкеле  жатқан жас ұрпақ мектептен тағлымалады, көкейге  ой түйеді, туған тарихынтаниды, сүйіспеншілік пен мақтаныш сезіміне бөленеді. Ал Жетісай ауданындабірнеше мектептің заты бар да, аты жоқ. Мысалы, №112, №114, №25, №8, т.б. Ұлыларымыздыұлықтайық, өнегелі істерін ұмытпайық, ұрпақ жадында  мәңгі жүрсін десек, мектептерге ат  тауып қоюаса қиын шаруа  емес, Әрине, елге еңбегісіңген  лайықты тұлғалардың, батыр,қайраткер азаматтардың аты-жөні  біріншіаталуы тиіс. Айтайын дегеніміз, Жетісайдағы жаңа мектептердің  біріне қазақтың қайраткер ұлы ДінмұхаммедҚонаевтың есімі берілді. Д.Қонаевтың қазаққа сіңірген  еңбегі аз емес. Мырзашөлде сол абзал жанның есімі  мүлдем атаусыз қалып еді. Әйтпесе,Д.Қонаевтың табаны Мырзашөл топырағына талай  тиген.  Осы мақталы өлкенің гүлденіп, көркеюіне көпүлес қосқан жанның бірі әрі бірегейі. Айтпақшы, бір кездері  үш ауданның жері мен халқы  ұзатылғанқыздай  өзбектерге    өтіп кетіп елімен қайта қауышуына қамқорқолын созған сол Д.Қонаев емес пе еді?! Жетісайдағы номерленген жаңа мектептердің біріне Алпамыс батыр атысұранып тұрғаны басы ашық әңгіме. Енді соған келейік.

     Алпамысбатырға тек эпостық жырдың кейіпкері ретінде қарау аздық етеді. Алпамыс-туғанхалқымыздың тарихында өзіндік  орны барұлттық төл батырымыз. Өзбектер  оғанөзгеше құрмет көрсетіп, өзіне тартумен келеді. Батырды кім жек көрсін. Алпамысбатыр  атын  асқақтатуға  келгенде  өзбектер бізден  көш бойы озық тұр.

     Шүкірдейік, кейінгі  кездері  батыр рухын жаңғырту жолыңда  Мырзашөлде біршама іс-шаралар жүзеге асуда. Батыр аты ауылға, балабақшаға беріліп,мектептер мен балабақшаларда ертеңгілік, ашық сабақтар өткізіліп, Жетісайқаласына кіретін үлкен күре жолдың бойына Алпамыстың алып ескерткіші орнатылыпмәре-сәре  болып жатқан жайымыз бар. Көршіаудандағы спорт кешеніне батыр аты беріліп, болашақта  Бекзат пен Бақыт сияқты олимпиада саңлақтарыөсіп  шығады деген үміт те жоқ емес.

            Ендеше, аудан басшылары бастап, зиялықауым өкілдері қоштап Алпамыс батыр аты Жетісайдағы жаңа мектептердің  біріне берілсе деген тілек  орынды деп санаймыз.  Егер байшыкештер мектеп атын ерте бастан «брондап»  қойған болмаса, әрине.

      Айтакетейік, мектепке батыр атын беруді қолдап жүргендердің қатары қалың.  Мырзашөл өңіріне танымал меценат, «Еренеңбегі үшін» медальінің иегері, респубикалық «Алпамыс батыр» қоғамдық қоырының президенті БауыржанОңғарбаев Жетісайдағы  № 8   мектептің сынып бөлмелерін безендіруге, мектеп ауласын абаттандыруға, құрал-жабдықтарға,  үздікоқушыларға  стипендия тағайындап,  мұғалімдердің еңбегін көтермелеуге  кейінгі 2-3 жылдың көлемінде өз қаржысыесебінен ауыз толтырып айтарлықтай  демеушілік көрсетіпті. Алпамыс батырға дегенелдің сүйіспеншілігі  мен пейіл-ниеттеріерекше екенің  осыдан-ақ байқауғаболады.  Мектепке батыр атын беру туралы  құжаттар әлдеқашан дайын болып,  барлық инстанциялардан өткен.  Бірақ нәтиже нөл.

     Қысқасын айтқанда, Қонаевтан қашқақтамадық, ендеше  Алпамыс батырдан да  алшақтамайық.

– Қай мектепте оқисың?

– Д.Қонаев атындағы мектепте.

– Сен ше?

– Алпамыс батыр атындағы  мектепте.

–  Ой,бәрекелді, жарайсыңдар жарықтарым! – дейтін күн алыс емес деп ойлаймыз.


МахамбетСапармұратов,

 Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы,

 Білім беру ісінің Құрметті қызметкері,

 Жетісай ауданы,

  Түркістан облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11