COVID-19: табиғи иммунизацияға жол берген дұрыс па?

09.06.2020, 12:37

3

Осыдан бір ай бұрын ҚазақстанҰлттық банкін екі рет басқарған беделді экономист, қаржыгер Григорий Марченкоқарашада келетінкоронавирустың екінші толқыны туралы айтты. Сөйтсек, екінші толқын бізге қарашағажетпей-ақ келіп алыпты. Дегенмен күз кезінде де вирустың екінші соққысы боладыдеген болжам бар. Қазақстанда наурыздың ортасынан бері бүгінге дейін сіңірдейсозылған пандемиядан да, карантиннен де жұрттың біразы мезі болып, бұрынғыкүнін аңсап зарықты. Кейбірі тіпті бұл кеселдің бар екеніне сенер-сенбесінбілмей, саяси астар іздеп есеңгіреп қалды.

Сөйтіп жүргенде күні кеше президенттіңбаспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парағында өзінен COVID-19 вирусы табылғанын жазып, вирусбарына сенбейтіндерге былай деді: «Ауырған адамдардың аттарын неге атамайды?»деген сияқты пікірлерді жиі еститінбіз. Міне, мен дерт жұқтырдым, оны жасырмайжариялап отырмын. Мұндағы мақсат – алаңсыз жүрген азаматтар ойлансын, сенбейжүрген кісілердің көзі жетсін дегенім».

Сену-сенбеу әркімнің өз еркінде,айтпағымыз ол емес. Әлем болып коронавируспен айқасып жатқанда, аурудың бетінқайтару үшін вакцина жасауда мемлекеттер бір-бірімен жарыса әбігерге түсіпжүргенде, басқа дерттің азабын тартып жүргендердің кейбірі дұрыс медициналықкөмек ала алмай қиналуда екен. Әлеуметтік желіде интернет қолданушылардың бірікарантиннің кесірінен компьютерлік томография жасата алмай жүргенін жазса, екіншісіонкологиялық ауруы бар балалардың ата-аналары өзінен көмек сұрап келгенін жәнекарантинге байланысты донорлар науқас балаларға қажетті қан тапсыра алмағанынайтыпты.  

Расымен де, 13,5 млрд долларжұмсаған COVID-19 вирусы салдарынан үш айда 56 адамнан айырылғанымыз туралыстатистика көңіл құлазытқанымен, Қазақстанда әртүрлі себептерменкүніне 500-ге жуық адамның көз жұматыны одан сайын алаңдата түседі. Мысалы, Қазақстандакөп кездесетін миокард инфаркті, инсульт сияқты қан айналымы жүйесі аурулары былтыр30 360 адамның өмірін жалмапты. Тыныс алу ағзалары ауруларынан 16 306 адам көзжұмса, жұрт «аты жаман» дейтін рак ауруының кесірінен 14 696 адам өмірімен қошайтысқан. Сондай-ақ 12 081 адамның өлімі жарақат алу немесе уланып қалу сияқтытүрлі себептерден болған екен. Ал әлем бойынша күніне шамамен 153 мың адамөмірден озады (жылына 56 млн адам). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныңмәліметінше, жыл сайын тек жүрек-қан тамырлары ауруларынан 17,5 млн адам қайтысболады. Бұл бес жарым айда коронавирустан қайтыс болған 406 107 адамның санынанәлдеқайда көп. 

«АҚШ-та КОВИД-тен қайтысболғандардың 43 пайызы диабетиктер, ал 27-28 пайызы диабетке шалдығу алдындатұрғандар. Қарт кісілер, созылмалы ауруы бар адамдар, диабетиктердің ауруға тезшалдығу қаупі бар екені айтылып жүрді. Семіздік басқан адамдар да қауіп-қатертобында. Қарап тұрсақ, көпшілігінде созылмалы ауру бар. Сондықтан барлық елде денсаулықсақтау министрліктері дұрыс баға беруі керек еді. Мәселен, біз карантинжарияласақ, 5000 қарияны, 3000 диабетпен ауыратындарды және 2000 басқасозылмалы аурулары бар жандардың өмірін құтқарамыз. Бірақ, екінші жағынан,карантин болған бір жарым айдың ішінде ғана қосымша қанша адам ішімдік пентұрмыстық зорлық-зомбылықтан өмірден өтпек. Барлық елде тұрмыстықзорлық-зомбылық жағдайы бірден артып кетті. Ол туралы БҰҰ да айтқан болатын.Одан бөлек, басқа ауру мазалаған науқастар дұрыс медициналық көмек ала алмайқалады», – дейді Григорий Марченко. Бұл кезекте ол Швеция, Швейцария менНидерландыны мысалға алып, бізге де табиғи иммунизацияға жол беру екенінайтады. Ол қалай?

«Яғни халықтың 60 пайызы COVID-19вирусымен ауырып шығуы тиіс. Бәрібір де 80 пайызы және одан көбі аурудыешқандай ауру белгілерінсіз және жеңіл өткеретінін түсінеміз. Табиғииммунизациядан басқа амал жоқ. Оған қоса, қарашада коронавирустың тағы біріндеті келеді деп отырмыз, ендеше, адамдарды алты ай бойы оқшаулануға отырғызыпқою ақылға қонбайды. Сөйте тұра ол туралы ұяттан ешкім тіс жармайды. Ендіжағдай бәрібір бұрынғыдай болмайтынын мойындау керек. Өйткені коронавирускәдімгі тұмау және басқа жұқпалы аурулар сияқты және алдағы уақытта да арамыздантабыла береді», – дейді Григорий Марченко.

НұрсұлуМЫРЗХАМЕТ, 

«Жас Алаш» 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

03.08.2020, 15:22
Індеттің шарықтау шегі артта қалды,-Цой
29.07.2020, 12:47
Қазақстанда тағы 208 адам коронавирустан қайтыс болды
27.07.2020, 13:02
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 83 мыңнан асты
25.07.2020, 14:15
Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 80 мыңнан асты
22.07.2020, 19:41
Алматыға 34 тонна ковидке қарсы препараттар жеткізілді
21.07.2020, 12:41
"Коронавирус болу" деген не?

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34