Сүргенше сүрініп кетпесек...

09.06.2020, 06:49

36

Қызылорда облысының Арал ауданындасүрілуі тиіс апатты жағдайдағы ғимарат әлі күнге баз-баяғы қалпында тұр. Оның адамөміріне қауіпті екені  елеусіз қалғанғаұқсайды.

Қаладағы Жароков көшесі№20 мекенжайда орналасқан екіқабатты ғимараттың іргетасы 1986 жылы қаланған.Сол кездері ғимарат «Арай» деп аталатын балабақша болған. Тек 1990 жылданбастап тұрғын үй ретінде қолданыла бастады.

2016 жылы ғимарат апаттыдеп танылды. 2018 жылдың 17 наурызында  ғимараттың екі бөлігін қосып тұрған өткелі өздігіненқұлап түсті. Абырой болғанда, қайғылы жағдай тіркелмеді. Баспанасыз даладақалған 16 отбасыны уақытша баспанамен қамту ісі жедел ұйымдастырылды.Материалдық шығындарды өтеу жайы да назардан тыс қалмады. Сол кездегі облысәкімі Қырымбек Көшербаев төтенше жағдай орын алған жерге барып, зардап шеккентұрғындармен кездесті. Өңір басшысы баспанасыз қалған тұрғындарға облыс бюджетіесебінен пәтер беру мақсатында жобалау-сметалық құжаттарға 3 миллион 700 мыңтеңге бөлу жоспарланғанын, алдағы уақытта әрбір отбасыға жаңа үй салынатынын жеткізді.Уәде еткендей, баспанасыз қалған отбасылар далада қалмады. Құзырлы орындар тарапынантұрғындарды  үймен қамту ісі жүйелі түрдежүргізілді.

Алайда содан бері екі жыл өтіпті.Бүгінде иесіз тұрған екіқабатты ғимаратқа жақын орналасқан жеке тұрғын үйиелерінің қорқынышы күн санап артып келеді. Өйткені балалардың қараусызғимаратты ойын алаңына айналдыратыны айтпаса да белгілі жайт. Сондай кездеріғимараттың тағы бір қабырғасы опырылып, адам шығыны орын алмай ма деп, өзөмірлеріне алаңдаулы.  

Аймақ тұрғындарының сөзінесенсек, олар бүгінде елеусіз қалған ғимараттың қаңырап қалған бөлмелеріжын-ойнақтың ордасына айналды деп дабыл қағуда. Яғни ғимарат ішіне жаю жайып,көрпе-төсегін салып, жаз мезгілінде жеке үй мақсатында пайдаланып жүргендер дебар деседі. Бір сөзбен айтқанда, қараусыз тұрған көпқабатты үй ішімдікішушілердің көңіл көтеретін мекеніне айналған.Осы мәселе жайында Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық щаруашылығы,жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне хабарластық. Мекеме басшысыАмантай Тасқынбаев бұл мәселе назарға алынатынын, алдағы уақытта қауіпсіздікшараларын қолға алу бойынша жұмыс жүргізілетінін айтып сендірді.

– Бүгінде Арал қаласы әкімдігініңтеңгеріміне алу жұмыстарын жүргізу үшін жеке азаматтардың құжаттарын заңдылықтарға сәйкес жинақтауда. Алайдақұжаттар толық рәсімделмегендіктен, ғимарат әлі күнге дейін иесіз тұр. Бұлмәселе кезең-кезеңімен шешімін табады. Оған дейін бос тұрған ғимараттыңесік-терезелерін темірмен бекіту үшін шұғыл жұмыстар жүргіземіз, – дейдіАмантай Батырқұлұлы.

Сонда дейміз-ау, екі жыл бойына қараусызтұрған ғимараттың құжаты осы кезге дейін рәсімделмеуіне не кедергі болды? Әлдеадам өміріне қауіпті екені қаперге алынбады ма? Қалай дегенмен де, қараусызқалған ғимараттың кез келген сәтте опырылып, соңы қайғылы оқиғаға соқтыруымүмкін.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04