«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

09.06.2020, 06:53

15

 Өткен жексенбіде АлматыдаЖанболат Мамайдың шақыруымен бір топ белсенді бейбіт митингіге шықты. «Банктің құлдығынан құтылатын кез келді!», «Саяситұтқындарға бостандық!», «Жер сатылмасын!» деген талап қойды. Біз бейбітшерудің қандай деңгейде өткеніне, саяси астарына емес, сол кезде көзге түскен,қоғамды алаңдата бастаған қауіпті құбылысқа  тоқталуды жөн көріп отырмыз. Қазақстандемократиялық партиясы бастамашыларына қарсы псевдосәләфизмнің белгілі серкелеріде әкімдік қызметкерлерімен ере шығыпты. Билік өкілдерінен кейін сөз алғанТалғат Рысқұлбеков: «Бейбіт митингтуралы заң бүгін ғана күшіне енді. Тарасайық. Үкімет митингіге рұқсат береміздеп отыр ғой. Алдағы уақытта ресми рұқсат алып шығайық», – деп алдаусыратакеліп, соңында «Төбелесеміз десеңдертөбелесейік, жанымда 20 «спортик» жігіт бар», – деп бір дөңайбат жасапқойды. Бірақ елді арандатуға ашық шақырған Рысқұлбековтің бұл сөзіне тәртіпсақшылары да, билік те ешқандай құқықтық баға бермеді.

 Естеріңізгесалсақ, былтыр 16 желтоқсанда Талғат Рысқұлбеков «митингіге шығатындардың кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз» депмәлімдеме жасаған еді. Ол кезде де псевдосәләфиттердің ісіне билік пен тәртіпсақшылары мән бермегендей сыңай танытты. Сірә, «Құдайдан сұраған» титушкалардыңаяқастынан сап етіп, пайда болғанына қуанса керек.  Қулық-сұмдығықырық қатпарлы сәләфизм ағымына Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты көршіелдерде баяғыда тыйым салынған. Діни ғұламалар бұл ағымның қаупі туралы көп жылданбері дабыл қағып келеді. Бірақ билік өкілдері бұл ағымға еш тыйым салған емес.Жақында тілшілерге сұхбат берген ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасыныңорынбасары Нұрғали Білісбеков: «Сәләфизмгетыйым салу мүмкін емес. Өйткені сәләфизм мен псевдосәләфизм – нақты ұйым емес,дінге деген көзқарас, идея», – деп сытылып кетті.

 Тунис пенМысырдағы сәләфиттер де 2011 жылғы «Араб көктеміне» дейін осындай еді. Елдегіиқуандар бастаған төңкерістен соң, екі ағым да өздерінің партиясын құрыптастап, саяси өмірге белсене араласа бастады. Мұндай жағдайдың біздің елде деорын алмасына ешқандай кепілдік жоқ. Өйткені ҰҚК басшысы мынандай деп тұрғансоң, бұл ағымды ресми түрде ақтауға бір ғана қадам қалды. Егер ол қадам жүзегеасатын болса, Қазақстан ортағасырлық құрдымға бет алады деген сөз. Ал оны ақтапшығу түк те қиын емес. Өз алдына жеке телеарнасы, жүз мыңдаған аудиториясықалыптасқан, парламентте депутаты сайланған, биліктің әр бұтағын емін-еркінжайлаған сектанттар кез келген уақытта саяси немесе қылмыстық дүмпуге дайынотыр.

Жақында Ақтаумен Жаңаөзенде осы деструктивті ағым өкілдерінің адам ұрлап, ақша талап еткеніжайлы ҰҚК мәлімдеме таратты. Ақтөбе қаласында ағайынды екі сәләфит жігіттіңполиция қызметкерін сабап кеткені белгілі болды.  Мұндай мысалды мыңдап келтіруге болады.Маңдайын псевдосәләфиттерге сипатқан біздің билік қай жолды таңдады? Болашағымыззайырлы қоғам ба, әлде ортағасырлық мешеулік пе? Талғат Рысқұлбеков жанындағы«спортик» жігіттерімен бірге бейбіт шеруді арандатпақ болған әрекеті үшінқылмыстық жауапкершілікке қашан тартылады? Прокуратура мен ҰҚК біздегісәләфиттер мен псевдосәләфиттерді қашан толық бақылауға алып, әрекетіне тыйымсалады? Бүгін маңдайды сипаған қолдың ертең жұдырық болып тимесіне кім кепілдікбереді? Бұл сұрақтардың жауабын тиісті орындар дер кезінде беруі тиіс. Әйтпесеертең сан соғып қалуымыз  ғажап емес.

Тоқтар ЖАҚАШ,

«Жас Алаш»

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 07:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 06:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 07:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 07:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 07:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 07:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09