Шегірткенің кесірінен шенеуніктер «шайқасуда»

09.06.2020, 13:00

3


 2017 жылдың жазында Жамбыл облысыныңБайзақ пен Талас аудандарының кең даласы шегірткеге көміліп, тіпті жол үстіндежыпырлаған жәндіктердің салдарынан көліктің ары-беруі қатынауы қиын болып қалды.Сол кезде «Жас Алаш» газеті бірнеше рет мақала жазып, шығынға ұшырағаншаруалардың зарын жеткізген болатын. Бұл мақалаға ауыл шаруашылығы министрлігі тезназар аударып, агроөнеркәсіп кешеніндегімемлекеттік инспекция комитетінің экс-төрағасы ЕржанАйнабеков Жамбыл облысына өзі келіп, бұл іске бел шеше кірісіп, өзге өңірлердентехника алдырып, осы саладағы жұмыс ретке келе бастады. Бірақ шегірткеменкүрестің соңы шенеуніктердің «шайқасына» ұласып кеткен сияқты. Өйткені солкездегі премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі АсқарМырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып ауысып, оның орнына Өмірзақ Шөкеев тағайындаласалысымен шегіртке мәселесін қайта қозғап, ақырында комитет төрағасы ЕржанАйнабековтің үстінен қылмыстық іс қозғалатын болып, жұмысынан босап кетті. Шөкеевсол жолы ауыл шаруашылығы министрлігінде шегірткеге қарсы қолданатын дәрі-дәрмекқоры жоқ екенін, бар-жоғы 7 пайыз қалғанын, ол небәрі 100 мыңдай гектар жергеғана шашуға жететінін және дәрі-дәрмекті сатып алу ісінде көптеген кемшіліктеркездескенін айтып дабыл қаққан болатын. Алайда дүбірлеп басталған бұл іс үшжылға созылып, сиырқұйымшақтанып, ақырын-ақырын елдің есінен шыға бастағаныжасырын емес еді.

 Енді, міне, Нұр-Сұлтан қаласыБайқоңыр аудандық соты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін комитеттөрағасы Е.Айнабековті алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкімәлі күшіне енген жоқ. Тергеу материалдарынан білгеніміз, Е.Айнабеков 2017 жылы Жамбылоблысына келіп, шегірткелер шеруін басу үшін қосымша техника мен құралдардыпайдалану жөнінде шешім қабылдағаны үшін айыпты болып отыр. Әрине, Айнабековбұл шешімді жалғыз өзі қабылдай салмағаны анық. Жамбылға барар алдында солкездегі басшылығымен ақылдасқаны белгілі ғой. Сол жылдары ауыл шаруашылығыминистрінің орынбасары қызметін атқарған Т.Рахымбеков сотта Айнабековтің бұлшешімі дәл сол кезде өте қажет болғанын айтып берді. Алайда экс-вице-министрдіңуәжін қаржы полициясының өкілдері құлағына да қыстырған жоқ. Жалпы, бұл дауқайдан басталды? Ержан Айнабековке нақты қандай айып тағылып отыр? Шегірткедауы неге тым шиеленісіп кетті? Енді осыған тоқталып өтсек.

   Бұл даудың басы 2016 жылдыңжазында басталған сияқты. 2016 жылы да Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысыныңалқаптары шегіртке шабуылының астында қалып, жергілікті шаруалар біраз шығынғабатқан болатын. Осыған байланысты 2016 жылдың 21 маусымында өткен үкіметотырысында сол кездегі премьер-министр К.Мәсімов кінәлілерді жазалаудытапсырады. Бұл кезде Ержан Айнабеков әлі комитет төрағасы емес. Ол комитет төрағасыболып 2016 жылдың 20 желтоқсанында ғана тағайындалған. Сөйтіп, еліміздіңсыбайлас жемқорлыққа күрес қызметі сапасыз дәрі-дәрмек және шегірткеге қарсыкүрес бойынша жарияланған мемлекеттік сатып алулар кезінде қазына қаржысынжымқыратын қитұрқы жолдарды анықтап, тексеру жұмыстарын бастап кетеді. Тіпті осығанбайланысты бас прокуратура жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін бірнеше ретсанкция берген. Бірақ 2016 жылғы шегіртке шабуылына кінәлілерді іздеу ісіақырында Айнабековке келіп тіреліп, оған 100 452 571,9 теңге шығын келтіргендеген айып тағылды. Яғни тергеу органы 2017 жылы Жамбыл облысында үйірлішегірткеге қарсы күрес жұмыстарында мердігер өңдеушінің кемшіліктерінебайланысты шегіртке зиянкестерінің өңдеу көлемі бірнеше есе ұлғайып кеткенін, соныңсалдарынан мемлекетке қаржылай зиян келгенін алға тартады. Айнабековті мердігеркомпания «Оразалиев» ЖК-мен бас пайдасы үшін қосымша шарт жасады деп айыптауда.

Негізі, 2017 жылы Жамбыл облысында шегіртке зиянкестерінің шектен тыскөбейіп кетуіне 2016 жылы мемлекеттік сатып алу конкурсының өтпеуінен,авиациялық өңдеу жұмыстарының болмай қалуы себеп болған. Сондай-ақ мамыр жәнемаусым айларында ауа райының ыстық болуына байланысты бүріккіш техникаларкүніне тек 4-5 сағат қана жұмыс істеп, белгіленген аумақтарды дер кезінде өңдепүлгермеген. Ең бастысы, шегіртке зиянкестерінің 8-9 жылда бір қайталаныпкелетін биологиялық өсу-шарықтау фазасы тура 2017 жылға сай келді. Сондай-ақ кейінгісегіз жыл бойы ауыстырмай бір препаратпен өңдеу салдарынан зиянкестердіңтөзімділігінің артуы және сол препараттардың әсер ету тиімділігінің төмен болуыда шегірткенің көбеюіне жағдай жасады.

Енді Айнабеков не үшін «Оразалиев» ЖК-мен қосымша келісімшарт жасасты?Өйткені химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу кезінде бюджет есебінен алынғанпрепараттар зиянкеске әсер етпей, салдарынан шегіртке зиянкестерінің көлеміұлғайып бара жатқаннан соң, өңдеуші мердігер ЖК «Оразалив Б.У.» өз есебіненсапалы препараттар сатып алып, Петропавл және Көкшетау қалаларынан аса қуаттыбүріккіш газогенераторлар әкеліп, шегіртке зиянкестерінің бетін қайтарады.Нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері зардап шекпеді және егістікжерлер зақымдалмады. Бағдарламаның негізгі мақсаты орындалды. Осыдан кейін«мемлекет қосымша қаржы бөліп, шығынға батты» деген айып шындыққа сай келе ме?Өйткені өңдеу жұмыстары 2017 жылға жоспарланған бюджет шеңберінде атқарылғаныжәне қосымша келісімшарт үнемделген бюджет есебінен жасалған деп нақты атапкөрсетілген. «Бюджеттен тыс, қосымша қаржы жұмсалған жоқ» делінген.

Шын мәнінде егер өңдеуші мердігерлермен дер кезінде қосымша келісімшартжасалып, нақты шаралар қаралмаған болса, онда 2017 жылы үйірлі шегірткелержаппай Жамбыл және Түркістан облыстарын түгелдей басып, ары қарай Қырғызстанжәне Өзбекстан аумақтарына ұшып өтіп, мемлекетаралық үлкен дауға әкеп соқтыруымүмкін еді. Шаруалар үлкен зардап шегіп, қыруар шығынға ұшырайтын еді.

Сондай-ақ тергеу қызметі 2017 жылы Жамбыл облысында шегірткеге қарсыжұмыстарды жүргізуге байланысты жарияланған конкурстың жеңімпазы атанған«Оразалиев» ЖК-ның бүріккіш техникаға байланысты техникалық құжаттары болмасада, конкурсқа қатысқанын айтады. Мұндай құжатсыз бұл фирма конкурсқа қатыспауыкерек еді.

Айнабековке тағылған айыптың тағы бірі – алқапты дәрілеуде «Фитосанитария» РМКтехникасын заңсыз пайдалануы болып отыр. Сондай-ақ шегірткемен күресте «Казтреском»ЖШС жеткізген 4 тонна гюрхард препараты да Айнабековтің айыбын ауырлатуда.

– Ең алдымен «Оразалиев» ЖК-ге байланысты айтатын болсам, мұндай қаптағантехникалық құжаттарға кейде жергілікті әкімдік қол қояды, – дейді бізбен әңгімесінде Е.Айнабековтіңадвокаты Ерғали Берлібаев. – Одан кейін мемлекеттік сатып алуға байланысты ережедедәл осы техникаға қатысты техникалық құжаттар міндетті түрде болуы керек дегеннақты талап жоқ. Сондықтан комитеттің конкурстық комиссиясы бұл құжаттардықабылдауға мәжбүр. Сосын, тағы бір айтары, «Оразалиев» ЖК-мен жасалған қосымшакелісімшартты бұл комитет өзі ғана шешпей, Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясыжәне фитосанитариялық инспекция комитетінің басқармасы, басқа да бірнешемекеменің ұсынысымен түзіліп, Айнабеков ең соңында қол қойған. Ал «Казтреском»ЖШС гюрхард препаратын таза көмек ретінде жеткізіп берген. Бұл дәріменАйнабеков өзінің бау-бақшасын дәрілеген жоқ қой. Оның бәрі шегіртке шабуылынтоқтату үшін түгелімен мыңдаған гектар алқапқа себілді. Өйткені «Оразалиев» пен«Казтреском» ЖШС арасында осыған байланысты келісімшарт болған. Сондай-ақ«Оразалиев» ЖК осы жұмысты бастамай тұрып «Өсімдік қорғау» ЖШС арқылы арнайытехникаларды жеткізу жөнінде «Фитосанитария» РМК-сімен де келісімшартқа отырады.Яғни «Фитосанитария» РМК техникасы осы келісімшартқа сай пайдаланылып отыр.Мұнда қандай заңсыздық бар?

Енді осы жерде мына бір мәселені айта кеткен орынды. Айнабеков төрағаболғанға дейін бұл комитет шегіртке шабуылының алдын алу үшін жылына 4,2 млрдтеңге жұмсап келген. Айнабеков келгеннен кейін бұл сома 1,6 млрд-қа дейінтүседі. Яғни бюджет қаржысы үш есе үнемделді. Бұрын шегіртке шеруінің алдын алуүшін пәленбай миллион гектар жерге дәрі шаштық деген құжаттар толтырыла беретінболса, енді бұдан былай нақты жұмыс талап етіледі. Осының нәтижесіндереспублика бойынша шегірткеге қарсы дәрі шашылатын алқаптың аумағы 4,7 млнгектардан 1,8 млн гектарға дейін қысқарады. Бұрын мемлекеттік сатып алуларарқылы жыл сайын белгілі бір дәрілер ғана сатып алына беретін болса, ендітиімділікті арттыру үшін басқа да дәрілер айналымға енді.

Қысқасы, 2016 жылы шегірткеге қарсы жұмыстар өз деңгейінде атқарылғанда 2017жылы бұл жәндіктер тым еркінсіп кетпес еді. Шегірткенің бой бермей кетуінепайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен препараттардың жеткізілуі де өзсептігін тигізген. Мысалы, Жамбыл облысына 2015 жылы шығарылған «Комбат»препараты жеткізіледі. Бұл тіпті тергеу материалдарында да тіркелген. Осылайша2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 11 мың литр «Комбат» препаратынқайтарып береді. Өйткені Сарыағаш ауданында осы препараттарды шашқандатиімділігі 65-68 пайыз ғана екені анықталған. Ал бұл көрсеткіш шын мәнінде кемдегенде 85 пайыз болуы тиіс еді. 2017 жылдың маусым айында ауыл шаруашылығыминистрлігі алқаптарға сапасыз препараттар шашылғаны туралы 27 акт толтырған.Өйткені қанша дәрі шашса да, шегіртке өлмейді. Бірақ осы істің басы-қасындажүрген жауапты басшылар дәрінің сапасыздығына көз жұма қарап, пәленбай мың гектарғадәрі шаштық деген жоспардың жетегінде кеткені көрініп тұр. Яғни дәрінің сапасынамән берген ешкім болмаған.

  Осылайша шырылдауық шегіртке білдейбір шенеунікті шырылдатып отыр. Комитет төрағасы Жамбылдың жазық даласындажаздыгүні шып-шып терлеп, шегірткемен шындап күресемін деген әрекеті үшін ғанажазықты болып отырған сияқты. Оның бюджет қаржысын үнемдеп, жүйеге өзгерісенгізуі кейбір лауазым иелеріне ұнамай қалған сыңайлы.

Нұрболат ӘЛДИБЕК, 

Жамбыл облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04