Өзбекстанда коронавирустан көз жұмғандар 18 адамға жетті

09.06.2020, 10:27

81

Ташкенттегі көпсалалы ауруханада 76 жастағы ер адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Бұл туралы 9 маусымда Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ташкенттің Үштепе ауданында тұратын қарияның коронавирус жұқтырғаны 28 мамырда анықталған. 31 мамырда жағдайы нашарлаған соң науқасты жасанды тыныс алу аппаратына қосқан. Дәрігерлер оның көп жылдан бері гепатит, жүрек талмасы, стенокардия сияқты бірнеше дертпен ауырғанын айтады.

Өзбекстанда COVID-19 кесірінен қайтыс болғандар 18 адамға жетті. Ресми мәлімет бойынша, елде 4440 адам коронавирус жұқтырған. 3357 адам дерттен жазылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Сейдағаңның серілері едік
    10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50