Иран билігі Сүлейманидің өліміне қатысы бар деп айыпталған адамды өлім жазасына кесті

10.06.2020, 18:09

18

Иран билігі генерал Касем Сүлейманидің өліміне қатысы бар деп айыпталған адамды өлім жазасына кесті. Тергеу органдары айыпталушы Америка және Израильдің барлау қызметімен астыртын байланысып, оларға әскерилер туралы (Сүлейманидің қайда екенін де) мәлімет сатқан деп санайды.

Соттың ресми өкілі Ғоламхуссейн Есмаили 9 маусымда Сейед Махмуд Мусави-Маджді өлім жазасына кесу үкімі жақында орындалатынын айтты.

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының арнайы жасағы "Әл-Құдысты" басқарған Касем Сүлеймани 3 қаңтарда АҚШ әскерінің әуе соққысы кезінде Бағдатта қаза тапқан болатын. Тегеран «кек қайтару үшін» АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларын атқылаған. Ондаған әскери сарбаз жарақаттанған.

Екі ел арасында жағдай ушығып тұрған кезде Иранның әуе қорғаныс жүйесі «Боинг-737» жолаушылар ұшағын қателесіп атып түсірген. Ұшақ апатынан 176 адам қаза болды. Осы аптада Тегеран ұшақ апаты ісі бойынша алты адамның ұсталғанын хабарлады.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11